ffin.kz

Елбасы кітапханасында «Ұмай бесік жыры» көрмесі ашылды

Елбасы кітапханасында «Ұмай бесік жыры» көрмесі ашылды Сурет: Оkg.kz

Ерекше көрме 


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Ұмай бесік жыры» көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ана. Ананың қуанышы - бала бақыты. Мұның бәрі қазақстандық қылқалам шеберінің туындыларында көрініс тапқан.


Ана тақырыбы шабытының қайнар көзіне айналған суретші Динара Қадырованың жеке көрмесі Елбасы кітапханасында қанат жайды.


Ол әйел мен бала қорғаны Ұмай анаға арналған. Көрме «Ұмай бесік жыры» деп аталады. Бұл еңбектер қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінен сыр шертеді.


Сондай-ақ, бұл жас бейнелеу өнері шеберінің алғашқы жеке көрмесі.



«Мен ана болған сәттен авторлық туындыларымды жасай бастадым. Бұған дейін арнайы білім алып, кейін дизайн саласында жұмыс істедім. Бірақ мені бірінші кезекте кескіндемемен әуестенуге шабыттандырған аналық сезім болды. Себебі мен қуаттандым, өмірім махаббатқа толды, ризашылық пайда болды, өмірге басқа көзбен қарай бастадым», - деді суретші Динара Қадырова.



ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләш Ақтаева көрмеге қатысты пікір білдірді.



«Бүгінгі «Ұмай бесік жыры» атты көрме - жас болғанымен, өте дарынды суретші Динара Қадырованың көп жылғы ізденісінің нәтижесі. Динара Қадырова еліміздің дарынды балаларының қатарында Тұңғыш Предидент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен. Осы уақытқа дейін көптеген байқаулардың лауреаты атанып, бірқатар сыйлықтарды иеленіп үлгерді. Дегенмен өмірін бала тәрбиесіне арнап ана болуды мақсат тұтты. Міне, бүгін үш баланың анасы алғашқы көрмесін ашты», - деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32