Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Ел үлесі – пәтерге» акциясы 91 мұқтаж отбасыны б...

«Ел үлесі – пәтерге» акциясы 91 мұқтаж отбасыны бспаналы етті

Әлеумет 15.01.2024, 13:14 1,052
«Ел үлесі – пәтерге»  акциясы 91 мұқтаж отбасыны бспаналы етті
Сурет: Muftyat.kz

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 2023 жылы баспанаға мұқтаж 91 отбасыға пәтер кілті табысталды.


Бұл туралы қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының сайтына сілтеме жасап. 



«2023 жылы еліміз бойынша 780 087 отбасыға көмек берілді. Атап айтқанда, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 27 дін қызметкеріне және 64 мұқтаж отбасыға, жалпы бір жылда 91 үйдің кілті берілді. Осыған дейін аталған жоба аясында 715 отбасы баспаналы болды. «Қайырымды жұма» акциясымен 39 455 отбасы көмек алды. Ал Құрбан айт мерекесінде «Раббың үшін құрбан шал» жобасы бойынша 115 047 отбасыға құрбандық еті таратылды. Бағдарлық баяндамадағы тапсырмаға сай Zeket HUB қойма орталығы жұмысын бастады және жылдың қорытындысы бойынша қорға қарасты QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY еріктелерінің 18 өңірлік еріктілер форумы өтті» деді Мақсатбек Мақсотұлы.



Сондай-ақ «Тайқазан» акциясы бойынша 97 888 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілсе, «Қолдан – қолға» жобасы аясында 12 736 отбасы қайырымдылық көмек алды. «Жетім көрсең жебей жүр» жобасы аясында 4 705 жетім балаға көмек берілсе, «Мектепке жол» акциясы бойынша 22 614 әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу құралдарымен көмек жасалынды. 


Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры білім жолындағы шәкірттерге, еліміздегі 9 медресе, Нұр-Мүбарак университеті мен Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институты, шетелде діни білім алып жатқан «Талаба» қауымдастығы мүшелеріне ұдайы көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ қор еріктілердің атсалысуымен елімізде және Түркия, Сирия мемлекетінде болған әртүрлі табиғи апат, оқыс оқиғалар кезінде көпшілікке жәрдем жасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ел үлесі #пәтер #қайырымдылық #акция #Мұқтаж жандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика