AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Ел тарихындағы бетбұрыс кезең - ректор Асқар Хикме...

Ел тарихындағы бетбұрыс кезең - ректор Асқар Хикметов

Референдум - 2022 23.05.2022, 15:33 1,533 Жанат СЕЙІТЖАНОВА
Ел тарихындағы бетбұрыс кезең - ректор Асқар Хикметов
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Референдумның көптеген маңызды аспектілері бар


Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) «Қазақстандағы республикалық референдум» атты дөңгелек үстел өтті, оған қоғам мен БАҚ өкілдері, сарапшылар, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шараны ашқан Басқарма төрағасы, ХАТУ ректоры Асқар Хикметов алдағы референдум еліміздің тарихындағы жаңа кезең болатынын атап өтті.




«Референдумның көптеген маңызды аспектілері бар, саяси жүйе түбегейлі өзгеруде. Біз халық билігін нығайтудың, жаңа азаматтық қоғамды қалыптастырудың, Парламенттің рөлін арттырудың және басқа да көптеген түбегейлі өзгерістердің нағыз демократиялық және дұрыс жолын көріп отырмыз. Ал ең бастысы, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар жалпыхалықтық, демократиялық жолмен, жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданады – азаматтар бұл тарихи және ел болашағы үшін маңызды оқиғаға қатыса алады. Әркімнің дауысы маңызды!», - деп түйіндеді ректор Асқар Хикметов.



Шарада сөз алған баяндамашылар жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның мәнін, Ата заңымыздағы баптардың үштен біріне енгізіліп жатқан өзгерістерді, Екінші Республиканы құру жолын тілге тиек етті. Жиында реформалар қордаланған мәселелерді шешуге және қоғамды одан әрі демократияландыруға, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталғаны айтылды. Референдум еліміздің саяси өміріндегі бетбұрыс кезеңі, Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды қадам болатыны баса айтылды.



Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап ала алды. Жиын соңында спикерлер жастар мен студенттерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық реформаны жүзеге асыру жөніндегі бастамаларын қолдауға, 5 маусымда өтетін референдумға белсенді түрде қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #Конституция #Жаңа Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);