конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды

Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды

Әлеумет 24.12.2024, 14:25 1,118 dulatbekova
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Сурет: Autoria.org

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті сақтандыру бойынша сыйлықақыны есептеу үшін қолданылатын түзету коэффициентін бекіту туралы қаулы күшіне енеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұрын агенттік түзету коэффициенті көлік тіркелген аймақтағы апат деңгейіне қарай белгіленетінін хабарлаған. Яғни, Алматыда сақтандыру үшін жүргізушілерден көп ақша жиналғанмен, көлік санына шаққанда сақтандыру бойынша төлем аз жасалса, көлік иесі азырақ төлеуі керек.

Мысал ретінде 2024 жылы жүргізуші куәлігін алғанына 20 жыл болған, Алматыда тұратын, ешқашан жол апатына түспеген, 2010 жылғы Toyota Camry автокөлігін жүргізетін 40 жастағы жүргізуші үшін 12 айлық полис қанша тұратынын қарастырайық:

2024 жылғы базалық сақтандыру сыйлықақысы – 7014.8 теңге (1,9 АЕК);
Алматы қаласында тіркелген автомобиль үшін коэффициент – 2,96;
жеңіл автомобиль үшін коэффициент – 2,09;
жасына және жүргізу өтіліне негізделген коэффициент – 1;
автомобильді пайдалану мерзіміне байланысты коэффициент – 1,1;
13-сақтандыру класы бойынша коэффициент (апатсыз) – 0,5;
Алматы қаласы бойынша түзету коэффициенті – 0,82.

Сонда: 7 014,8 × 2,96 × 2,09 × 1×1,1 × 0,5 × 0,82 = 19 571,75 теңге.

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңге болады. Базалық сақтандыру сыйлықақысы (1,9 АЕК) 7470,8 теңгеге өседі. Алматы қаласы бойынша ұсынылған түзету коэффициенті — 0.63.

Есептейік: 7470,8 × 2,96 × 2,09 × 1 × 1,1 × 0,5 × 0,63 = 16 014,31 теңге. Демек, 2025 жылы мұнда полис арзандайды. Мысал ретінде алған жүргізуші үшін сақтандыру 3 мың теңгеге арзандайды, ал басқалар үшін сома әртүрлі болады, бірақ сақтандыру төлемі азаяды.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Шымкент пен Астанадағы жүргізушілер үшін сақтандыру полисі қымбаттайды. Келер жылы ең қымбат полисті Қызылорда облысының жүргізушілері рәсімдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ел өңірлері #көлік сақтандыру #қымбаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір аптада қияр, қырыққабат және картоп айтарлықтай арзандады

Бүгін 15:11

Алматыда жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесінің 35 сейсмикалық станциясы салынды

Бүгін 15:08

Алматының тарихи орталығы жаңа келбетке ие болады

Бүгін 15:01

Чайковский көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы жайлы бола түседі

Бүгін 14:58

Панфилов көшесінің төменгі бөлігі де абаттандырылады

Бүгін 14:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);