Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері өтті

«Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері өтті

Хабарлама 09.12.2021, 06:32 1,439
«Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері өтті
Сурет: Еgemen.kz

Кітап 4 бөлімді қамтиды.


ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейінде «Қазақстан жолы» жобасы аясында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ дайындаған «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Фотокөрмеге Шүкір Шахай, Игорь Бургандинов, Юрий Беккер, Орынбай Балмұрат және Ерлан Омаров сияқты белгілі фототілшілердің 50-ге жуық фотосуреті қойылды.



Олар тиімді экономика мен саяси жүйені дамытудың өзіндік үлгісі бар заманауи Қазақстанның қалыптасуындағы этносаралық қатынастарды үйлестіру жолында азаматтық бірегейлікті, этносаралық түсіністікті нығайтудағы Елбасы қызметінің маңызды кезеңдерін айқындайды.



Фотокөрмеге келушілер Қазақстанның дамуындағы жаңа белестерге жол ашқан тәуелсіздік тарихының аса маңызды қадамдарымен танысуға мүмкіндік алады. Іс-шара аясында «Егемен Қазақстан кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Ел және Елбасы» жинағының тұсауы кесілді.


Басылымда Елбасының әріптес мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, үзеңгілестерінің «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған мақалалары мен естеліктері ұсынылған. Кітап 4 бөлімді қамтиды.


«Азаттық сәулетшісі» бөлімінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласы мен қазақстандық саяси және қоғам қайраткерлерінің мақалалары берілген.


«Мемлекет сәулетшісі» бөлімінде зиялы қауымның, ақын-жазушылар мен ғалымдардың, т.б. өнер және мәдениет қайраткерлерінің естеліктері берілген.



«Елбасы және елорда» бөлімі Елбасының астана құрылысына қосқан үлесі туралы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мақалаларын қамтиды. «Көреген саясаткер» бөлімінде Елбасының жаһандық саясаттағы орны мен рөлі туралы әлемдік саясаткерлердің ой-пікірлері ұсынылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Елбасы #кітап #ел #кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика