Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел дамуындағы қуатты серпіліс

Ел дамуындағы қуатты серпіліс

Әлеумет 02.09.2022, 14:01 1,429
Ел дамуындағы қуатты серпіліс
Сурет: Аманат

Президент елімізді дамытудың әрбір қадамын ойластырды


Алматыда «AMANAT» партиясы қалалық филиалының партия активі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. біртұтас ұлт. берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауын талқылады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Талқылауға партия белсенділері, қалалық Саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, аудандық филиалдардың атқарушы хатшылары және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.


Партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев Жолдаудың әділетті Қазақстанды құру жолындағы тағы бір маңызды қадам болғанын атап өтті.



«Қазіргі қоғамдағы сындарды ескере отырып, Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты күшейтуде. Білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, жастар мен ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен қаражат бөлінеді, барлық әлеуметтік төлемдер индекстеледі, зейнетақылар қайта қаралады, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылады. Бұл ретте, «AMANAT» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде Президенттің барлық бастамаларын толық қолдайды. Жолдауда ұсынылған барлық реформалар – бұл ел дамуындағы қуатты серпіліске қол жеткізуге ықпал ететін нақты шаралар», - деді М.Отыншиев.



Аманаттықтардың пікірінше, мұндай реформалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.



«Біз кешегі Президенттің Жолдауын үлкен үмітпен күттік. Ең маңызды аспект әлеуметтік блок болды. Мысалы, ең төменгі жалақыны көбейту, бұл миллиондаған азаматтардың әл-ауқатына оң әсер етеді. Әйелдердің зейнеткерлік жасы, 2023 жылдан бастап 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы төлемдерін ұзарту және т.б. мәселелер. Жалпы, Жолдауды талдай отырып, Президент елімізді дамытудың әрбір қадамын ойластырғанын сеніммен айтуға болады», - деп атап өтті Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің төрайымы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахат Шимашева.



Талқылау барысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры, «AMANAT» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңес Бюросының мүшесі Тілектес Есполов өз ойымен бөлісті.




«Біздің мегаполисте 11 ұлттық университеттің 8-і орналасқан. Сондықтан студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, оның ішінде студенттердің жекелеген әлеуметтік осал санаттары үшін тұру шығындарын субсидиялау мәселесі – ел тарихындағы бұрын-соңды болмаған оқиға. Студенттер бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдады», - деп түйіндеді Т.Есполов.



Сондай-ақ, «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері Нұрымбек Тау, Артур Котенёв, Рамазан Бекбол және партия белсендісі Райхан Бөлекбаева өз пікірлерін білдірді.


Партактив қатысушылары Жолдауды, әсіресе әлеуметтік-экономикалық блок бойынша қолдауды және жан-жақты ілгерілетуді қамтамасыз ету маңызды деген ортақ пікірге келді. Партия мүшелерінің алдында жауапты міндет тұр - қоғам Мемлекет басшысы тапсырмалардың мәнін және оларды орындау үшін бірліктің қажеттілігін түсінуі үшін жұмыс істеу. Айта кету керек, партия мүшелері Жолдаудың негізгі мәселелерін барлық деңгейде кеңінен талқылауға кірісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #аманат #партия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі