AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нә...

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Референдум 16.03.2026, 00:24 635
Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың 86,7%-ы "Иә, қабылдаймын" деп жауап берген.

Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.   Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан.

Қазақстандықтар референдумда қалай дауыс берді?

15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум өтті. Ел бойынша дауыс беру учаскелері таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеді.

Дауыс беру құқығына 18 жастан асқан және сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие болды. Тізімге барлығы 12 461 796 адам енгізілді.

Референдум күні ел бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Сонымен қатар, Қазақстанның 54 елдегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан 71 учаске ашылды.
92 учаскеде, негізінен әскери бөлімдерде, комиссиялар жұмысын ертерек – 06:00-де бастады.

10:00-ге қарай бюллетень алған қазақстандықтар саны 2 393 844 адамды құрады. Бұл дауыс беру құқығы бар азаматтардың 19,21%-ы.

12:00-ге қарай олардың саны 4 677 595 сайлаушыға жетті, яғни тізімге енгізілген азаматтардың 37,54%-ы.

14:00-де референдум өтті деп жарияланды. Дауыс беруге 6 471 378 адам қатысты. Осы уақыттағы қатысу деңгейі 51,93% болды.

Анықтама: Заң бойынша, егер дауыс беруге қатысқан азаматтар саны барлық сайлаушылардың жартысынан асса, референдум өтті деп танылады.

16:00-ге қарай учаскелерде 8 029 286 адам дауыс берді.
18:00-ге қарай сайлаушылардың 70%-дан астамы, яғни 8 845 280 адам өз дауысын берді.

20:00-ге қарай референдумға 9 126 850 адам қатысты.
Орталық референдум комиссиясы алдын ала 73,24% қатысу деңгейін тіркеді.

Қорытынды нәтижелер 2026 жылғы 21 наурызға дейін жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Бүгін 21:45

Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед әл-Наһаянмен кездесті

Бүгін 20:33

Алматыдағы ЖЭО-2 газға көшіріледі

Бүгін 19:11

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Бүгін 18:32

Тоқаев Нью-Дели қаласына келді

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);