AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Экспортпен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер үш...

Экспортпен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін тегін курстар басталды

Әлеумет 19.09.2022, 05:53 1,332
Экспортпен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін тегін курстар басталды
Сурет: Atameken.kz

Бұл бағдарлама 4 жылға арналған.


Қазақстандық экспорттаушылар Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен бірге Еуропалық Одақ есебінен трансшекаралық сауда бойынша тегін білім алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Астанада «QazTrade» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен аталған бағдарламаның таныстырылым өтті.


«QazTrade» акицонерлік қоғамы бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың айтуына қарағанда, аталған бағдарлама «Ready4Trade Central Asia» жобасының аясында іске асырылмақ.



«Жалпы, бұл бағдарлама 4 жылға арналған. 2019 жылдан бері бірнеше компоненті іске асырылды. Мысалы, биыл жазда сауда порталы іске қосылған еді. Сондай үлкен бағыттың бірі – қазақстандық экспорттаушыларды оқыту. 1,5 жыл бойы кәсіби нұсқаушылар жұмыс істеп, тәлімгерлерді даярлады. Енді сол тәлімгерлер экспорттаушыларға сабақ береді», - деді ол.



Ал Еуропалық Одақ өкілдігі Орталық Азияның өңірлік бағдарламалары Қазақстандағы ынтымақтастық бөлімі бағдарламаларының менеджері Юрий Скаскеевичтің айтуынша, оқыту бағдарламасы осыдан 4 жыл бұрын бөлінген 15 млн еуроның есебінен іске асады.



«Менің портфолиомдағы ең үлкен бағдарламаның бірі – осы 4 жылдық бағдарлама. Ол бүкіл Орталық Азия елдеріне бағытталған. Бюджеті айтарлықтай салмақты – 15 млн евро. Осы қаражат аясында қаржыландырылып жатқан бағыттың бірі экспорттаушыларды оқытуға арналып отыр», - деді Юрий Скаскеевич.



Жоба авторларының мәліметіне сүйенсек, қазақстандық экспорттаушылар оқу бағдарламасы арқылы халықаралық сауда ережелері, экспорттық рәсімдер, транзиттік бағыттар, сапа және сәйкестік стандарттары, Еуропалық Одақ нарығына арналған нақты талаптар туралы білім алып, ол алған білімдерін іс жүзінде қолданып машықтанады.


Оқыту онлайн режимде де, офффлайн режимде де ұсынылады. Тренингті Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен Ұлттар ұйымына қарасты Халықаралық сауда орталығы әзірлеген.


Бұл бағдарлама Қазақстанның бүкіл аймақтарын қамтиды деп жоспарланған. Сол үшін QazTrade комипаниясының жанынан электрондық оқыту платформасы ашылып отыр. Сол платформаның (https://www.qaztradeacademy.kz/), көмегімен әлеуетті және жұмыс істеп тұрған экспорттаушылар бүкіл курстарды онлайн режимінде тегін өтіп, сертификаттар алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#курс #бизнес #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);