Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Екпе салдырмаған дәрігерлер жұмыстан шеттетілуде

Екпе салдырмаған дәрігерлер жұмыстан шеттетілуде

Әлем 31.12.2021, 06:56 1,138
Екпе салдырмаған дәрігерлер жұмыстан шеттетілуде
inform.kz

Франция ауруханаларында дәрігерлер мен медперсонал жетпей жатыр


Франция ауруханаларында жағдай қиын. "Дельтадан" жұқпалырақ деп танылған "омикрон" штамын екпе алған дәрігерлер де жұқтырып жатыр, сол себепті олар жұмыстан үзіліс алуға мәжбүр. Ал екпе салдырмаған дәрігерлер жұмыстан шеттетілуде, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



Аталған ахуал салдарынан астаналық өңірде қызметкерлердің жетіспеушілігінен жансақтау бөлімдеріндегі төсек-орын саны 20%-ға қысқарды. Сонымен қатар стационарларға вирус жұқтырғандар көп түсуде. Аурухана жетекшілері қызметкерлерге түскен салмаққа алаңдаулы. «Әзірге біздің бригадалар шыдамдылық танытуда, себебі ештеңеге қарамай, ауруханаға жұмысқа келуге мәжбүр. Бесінші толқынның ерекшілігі – қазіргі кезде дәрігерлер екпе алған жағдайда ауруханаға түспейтін науқастар үшін күресіп жатыр», - деді Delafontaine ауруханасы директорының орынбасары Йоан Мурье.



Кейбір ауруханалардағы науқастар қорлардың тапшылығынан жақсы жабдықталған және вирус жұқтырған науқастары аз басқа емдеу мекемелеріне ауыстырылып жатыр. Оларды тасымалдау үшін санитарлық авиация қолданылуда. Мұндай жағдай халі нашар екі науқасты елдің оңтүстігіндегі Антибтан солтүстіктегі Лилльге ауыстыру кезінде болған.



«Мұның бәрі оңай емес. Біз екі жыл бұрын болған ахуалға қайта оралғандаймыз. Хирургиялық оталарды кейінге қалдырдық. Одан бөлек, коронавирустың бұл толқынымен күресу үшін еңбек демалысынан уақытынан ерте шықтық», - дейді медбике.



Көп ауруханаларда демалыс күндері жұмыс істеу, жоспардағы оталарды кейінге қалдыру қалыпты жағдайға айналды. Медициналық қызметкерлер мен оларды ұсынатын кәсіподақтар да президенттік сайлауға қалған төрт ай ішінде билік орнаған ахуалды есепке алып, тиісті шешім қабылдайды деп үміттенеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Омикрон #дәрігер #Франция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Бүгін 17:01

Алматыда жүргізушілер көліктерінің шығарындысын тегін тексеруден өткізді

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика