Екпе алған әскерилердің саны 100%-ға жақындады

Екпе алған әскерилердің саны 100%-ға жақындады Сурет: Gov.kz

Қарулы Күштер бас дәрігерінің ақпараты бойынша, COVID-19-бен науқастану ішінара сипатта өтуде.


Қазақстанның Қарулы Күштерінде екпе алғандардың саны 100% жетіп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Аппараттық кеңесте Бас әскери-медициналық басқарма бастығы жеке құрамның шамамен 90%-і екпенің екі компонентін, ал барлығы әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың 98%-тен астамы вакцина алғаны туралы баяндады», – делінген Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.



Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру жауынгерлік оқу-жаттығу  іс-шараларын жүргізуде көптеген шектеуді алуға мүмкіндік береді. Қарулы Күштер бас дәрігерінің ақпараты бойынша, COVID-19-бен науқастану ішінара сипатта өтуде, аурудың ауыр түрде өту жағдайлары болған жоқ. Таяу уақытта қалған жеке құрамда медициналық қарсы көрсетілімдер мерзімі өткеннен кейін вакцина алғандар санын 100%-ке дейін жеткізу болжануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:43

10:35

10:21

10:14

10:10

10:00

09:50

09:40

09:19

09:02

08:49

08:23

08:12

19:29

19:26

18:14

17:40

17:25

17:11

16:45

16:35

16:20

16:08

16:07

15:44