Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Экологтар Қазақстанда қасқырлардың жойылу қаупі жо...

Экологтар Қазақстанда қасқырлардың жойылу қаупі жоқтығын айтып отыр

Өмір-өзен 22.01.2022, 03:47 1,509
Экологтар Қазақстанда қасқырлардың жойылу қаупі жоқтығын айтып отыр

Қасқырлардың саны шамамен 14 408 басты құрап отыр.


Қазақстандық экологтар мемлекеттегі қасқырдың санын реттеу жұмыстарын дер кезінде жүргізіліп отыратынын айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жергілікті жерлерде қасқырларды есепке алуды аңшылық пайдаланушылар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының мамандары жүргізеді. Олар халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурулардан қорғау, қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметіне елеулі залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттеуге жататын жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген», – делінген министрлік хабарламасында.



Адамның қасқырмен байланысы біздің еліміздің барлық аймақтарында кездеседі, әсіресе мал шаруашылығы белсенді аудандарда өткір байқалады. Осы ретте, қасқыр популяциясын тиімді басқарудың мақсаты - олардың санын экожүйелердегі функцияларын бұзбай, тиімді реттеу.


Өткен жылы ел аумағындағы қасқырлардың саны шамамен 14 408 басты құраған (Анықтама. 2019 жылы 12812 қасқыр тіркелді). Қасқырды реттеу Қазақстанның барлық облыстарында жүргізіледі. Тек Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің географиялық деректеріне байланысты отырықшы қасқыр емес, өкпек қасқыр кездеседі.


Қасқыр өте пластикалық жануарлар түрі болғандықтан, климаттық, географиялық жағдайларға, сондай-ақ азық-түлік базасына байланысты оның популяциясы әр түрлі болады.


Сонымен қатар, қасқырларды реттеуге тыйым салынбаған. Оның саны күрт төмендеген жағдайда, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тиісті шаралар қабылдайтынын хабарлаймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қасқыр #Қазақстан #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика