Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Екі қазақстандық шетелде еңбек құлдығына түсті

Екі қазақстандық шетелде еңбек құлдығына түсті

Әлеумет 11.01.2023, 07:49 973
Екі қазақстандық шетелде еңбек құлдығына түсті
Сурет: Alashainasy.kz

Бұл СІМ-нің мәлімдемесі.


Үкімет отырысында СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров екі қазақстандықтың шетелде құлдыққа түскенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның айтуынша, Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік-Шығыс Азияның «алтын үшбұрышы» деп аталатын аймақта еңбек құлдығына түскен.



«Өткен жылдың желтоқсан айының соңында олар Тайландтағы елшілігімізбен байланысқа шықты. Олардың ата-аналары да тауып беруімізді өтінді. Не айта аламыз? Бұл бірінші рет емес. Дәл осындай жағдай осыдан бірнеше ай бұрын тағы бір азаматымыздың басына түскен», - деді ол.



Смадияровтың айтуынша, азаматымыздың құлдықтан босауына бүкіл ел көмектескен.



«Қазір жағдай оңай емес, оған мемлекеттік органдардың ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың да көмегі қажет, бұл бірінші жағдай емес. Онда тек Қазақстан азаматтары ғана емес. Басқа да әртүрлі елдердің азаматтары бар. Сондықтан мәселе кешенді шешімді қажет етеді. Соған қарамастан, бұл жағдай Таиландтағы елшілігіміздің ерекше бақылауында. Консул олармен сөйлесті. Сол жақтағы азаматтар биыл хабарласпаса да, мәселе оң шешімін табады деп сенеміз», - деді СІМ өкілі.



Сөз соңында ол қазақстандықтарға шетелге жұмыс істеуге барар алдында келісімшарт талаптарымен танысуға кеңес берді.



«Мен азаматтарымызға ескерткім келеді: шетелге жұмыс істеуге барар алдында барлық келісімшарттарды мұқият оқып шығыңыз. Өйткені бұл - сіздің жеке жауапкершілігіңіз», - дейді Айбек Смадияров.



2022 жылдың 26 ​​тамызында Лаоста еңбек құлдығына түскен қазақстандық Әнел Бермағанбетова елге оралды. Қызды Қытайдан Лаосқа алдап шақырған. Әнелдің отбасы полицияға, Вьетнам, Таиланд елшіліктеріне және Лаос Сыртқы істер министрлігіне хабарласуға мәжбүр болды. Қылмыстық іс қозғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#СІМ #шетел #Құлдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Бүгін 14:35

ІІМ Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды

Бүгін 14:21

Қар тоқтаусыз жауып жатыр: қала көшелері тәулігіне төртінші рет күреліп жатыр

Бүгін 14:04

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерудің жаңа тәртібі енгізілді

Бүгін 12:53

Қазақ дәстүрі: байғазы қашан, ал көрімдік кімге беріледі?

Бүгін 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі