AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Екі буын – бір таңдау: алматылықтар Қазақстанды 10...

Екі буын – бір таңдау: алматылықтар Қазақстанды 10 жылдан кейін қалай елестететінін айтты

Құрылтай 23.08.2026, 19:49 234
Екі буын – бір таңдау: алматылықтар Қазақстанды 10 жылдан кейін қалай елестететінін айтты

Бүгін Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде екі буын өкілінің жолы тоғысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елена Михайленко азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағы үшін таңдау жасауға келсе, 18 жастағы Алика Жапарова алғаш рет сайлау құқығын пайдаланды.

Елена Михайленко үшін дауыс беру – Қазақстанның болашағына қатысты өз көзқарасын білдірудің мүмкіндігі.

«Мен бүгін Қазақстанның жаңаруы үшін, елімізді он жылдан кейін қандай деңгейде көргім келсе, сол болашақ үшін дауыс беруге келдім. Осы мәселеге қатысты пікірімді білдіруді азаматтық міндетім деп санаймын», – деді ол.

Алика Жапарова үшін бұл күннің маңызы ерекше. Ол – №95 мектептің түлегі. Биыл 18 жасқа толып, алғаш рет сайлауға қатысып отыр.

«18 жасқа толған соң сайлауға келіп, дауыс беруді жөн көрдім. Бұл мен үшін маңызды», – деді жас алматылық.

Қазақстанды он жылдан кейін қандай ел ретінде елестететіні туралы сауалға Алика елдің дамуына және жас буынның әлеуетіне сенетінін айтты.

«Он жылдан кейін Қазақстанды өркендеген ел ретінде елестетемін. Қазір жастарымыз IT-технология, қоғамдық және саяси өмір секілді түрлі бағытта белсенді дамып келеді. Жастар барлық салада өз орнын көрсетіп жүр», – деді ол.

Осылайша бір сайлау учаскесінде аға буынның тәжірибесі мен жастық жігер тоғысты. Аға буын үшін дауыс беру – елдің алдағы даму бағытына өз үлесін қосу мүмкіндігі болса, ересек өмірге енді қадам басқан жастар үшін – ел болашағына араласудың алғашқы қадамы.

Екі буын, түрлі көзқарас пен өмірлік тәжірибе. Бірақ ортақ тілек бір – Қазақстанды қуатты, дамыған әрі өркендеген ел ретінде көру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайлау учаскесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 22:00

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Бүгін 20:57

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Бүгін 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);