Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы көшелері / Екі Алматыны жалғаған даңғыл

Екі Алматыны жалғаған даңғыл

Алматы көшелері 25.04.2023, 14:38 4,424
Екі  Алматыны жалғаған даңғыл
Сурет: интернеттен

СЕЙФУЛЛИН ДАҢҒЫЛЫ


Алматы қаласы шартты түрде екіге бөлінеді, Сейфуллин даңғылы қаланың осы екі бөлігінің де бойымен өтеді.



Сейфуллин — Алматының Түрксіб, Жетісу, Алмалы және Бостандық аудандарының аумағын қиып өтетін, солтүстіктен оңтүстікке қарай Алматы 1 теміржол вокзалынан әл-Фараби даңғылына дейін созылып жатқан даңғыл. Даңғылдың ұзындығы – 13500 метр.


ТАРИХЫ


Сейфуллин даңғылы ХІХ ғасырдың аяғында Верныйдың солтүстік-батыс шетінде қалыптаса бастаған, мұнда Ташкенттен келген саудагерлер, Қытайдан келген дүнгендер мен ұйғырлар, саудамен, қолөнермен және бақша егумен айналысатын өзбектер мен татарлар қоныстанған. Бұл көше 1927 жылға дейін Сартовская, одан 1962 жылға дейін Узбекская деп аталды, 1962 жылы қаңтарда даңғылға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, көркем сөздің хас шебері, қазақтың дауылпаз ақыны, сталиндік репрессияның құрбаны Сәкен Сейфуллиннің есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 25.01.1962 №2 шешімі) берілген.



1950-1960 жылдары көше солтүстік бағытта дамып, Вокзальная, Докучаева, Бессарабская, Узбекская көшелерін біріктірді. Қазіргі Сейфуллин даңғылын құраған бұл көшелердің әрқайсысы Алматы қаласының тарихи дамуымен байланысты. Вокзальная көшесі 1930 жылдары «Түрксіб» құрылысына байланысты құрылған, «Алматы 1» теміржол вокзалын қала маңындағы «Париж коммунасы» колхозымен байланыстырып тұрған. Докучаева, Бессарабская көшелері 1962 жылға дейін ауыл көшелерінің санатына жататын және қала маңындағы шаруашылықтардың аумағында кіретін.


Кеңестік кезеңде даңғылға жапырақты ағаштар мүмкіндігінше көп отырғызылған, бұл көшеге өзіндік сипат беріп, көлеңкелі тротуар-аллеялар заманауи көпқабатты үйлердің бойымен бірдей болып өскен.


ДАҢҒЫЛ БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨРНЕКІ ОРЫНДАР:


Сейфуллин даңғылында орналасқан ғимараттар қаланың тарихи құрылысы мен қайта құру кезеңдерінің көрнекілігі іспетті: Верныйдың бір қабатты үйлері, бірінші бесжылдықтың екі қабатты ғимараттары мен бетоннан жасалған кейінгі заманауи ғимараттар осында орналасқан.



Алматы 1 теміржол вокзалы,



«Жібек жолы» сауда орталығы,



С. Сейфуллин атындағы саябақ,



«Абылайхан» спорт кешені,


Түрксіб аудандық мәдениет үйі,



«Алаш» стадионы,



«Шұғыла» кинотеатры,


№91 Түрксіб аудандық учаскелік полиция пункті,



Баум бағы,



Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы,



Алматы ұлттық медициналық колледжі,



«Алматықалабезендіру»




Жетісу аудандық соты,



Бөкейханов атындағы орман шаруашылығы мен агломелиорация Қазақ ғылыми зерттеу институты,



Алматы ЖЭС – 1,



«Абди» сауда үйі,



«Вираж» автосалоны,



Алматы қалалық уақытша ұстау изоляторы,



«Мегапарк» ойын-сауық орталығы,


Алматы қалалық экономикалық зерттеулер департаменті,



«Алматыкітап» кітап дүкені,



Каспий университеті,



С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті,



№ 1 қалалық перзентхана,



Республикалық спорт және олимпиадалық даңқ мұражайы,


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы,



RIXOS қонақүйі,



Қазгидромет,


Мәскеу қаржы-өндірістік университеті,



Вернен обсерваториясы,



Holiday In Expres қонақүйі,



«Қайнар» университеті,



Басенов атындағы сәулет және құрылыс институты,


Цифрлық техника және технология институты,



FORUM сауда орталығы,



Алматы қаржы орталығы.


ДАҢҒЫЛМЕН ҚИЫЛЫСАТЫН КӨШЕЛЕР:


М.Тынышпаев,


Е. Пугачев,


М. Шолохов,


Спартак,


Ж. Молдағалиев,


Н. Чернышевский,


Ж. Аймауытов,


Физкультурная,


М. Майбородо,


В. Чкалов,


Н. Кассин,


А. Палладин,


В. Ровенский,


Николаевская,


А. Егоров,


О. Кипринский,


М.Жұмабаев,


Б. Айбасов,


М. Дулатов,


В. Котельников,


Ақан сері,


К. Хетагуров,


Э. Успенский,


И. Крамской,


Т. Рысқұлов,


А. Шилов,


Ж. Ақпаев,


В. Дегтярев,


І. Жансүгіров,


В. Маяковский,


Иркутский,


А. Радищев,


Б. Тобаяқов,


Б. Бұлқышев,


Райымбек батыр,


М. Мәметова,


Н. Төреқұлов,


М. Мақатаев,


Жібек жолы,


Н. Гоголь,


Әйтеке би,


Қазыбек би,


Төле би,


Бөгенбай батыр,


Қарасай батыр,


Қабанбай батыр,


Жамбыл,


Т. Шевченко,


Құрманғазы,


Абай,


Қ. Сәтпаев,


Политехническая,


К. Тимирязев,


А. Попов,


Әл-Фараби,


Алдар көсе.


 


 


ДАҢҒЫЛ БОЙЫМЕН ҚАТЫНАЙТЫН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР:


Көшеде троллейбус бағыты және көптеген автобус бағыттары бар.



Автобустар: 17, 18, 20, 30, 33, 34, 62, 72,123,



Троллейбус: 7



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сейфуллин #мега
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30

Ресейдегі жаппай төбелеске қатысты СІМ жаңа мәлімет таратты

Бүгін 11:19

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56

Сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика