Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Егер еліміз «сары» аймаққа өтсе...

Егер еліміз «сары» аймаққа өтсе...

Әлеумет 01.07.2022, 08:04 1,231
Егер еліміз «сары» аймаққа өтсе...
Сурет: 7km.net

Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынады?


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдері және «Атамекен» ҰКП қызметкерлері қатысты.


Өткен аптамен салыстарғанда, вирус жұқтыру жағдайлары 2,9 есе артқан, науқастардың 80%-на жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар. Елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдады: науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру; COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру; жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу; 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.


Сондай-ақ аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады. Отырыс соңында Е. Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек орындарымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #сары #аймақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын толық басқаруға беру ұсынылды

Бүгін 10:17

Дүниежүзілік театр күні: әлемдегі ең ерекше 10 сахна

Бүгін 10:04

Коммуналдық қызмет бағасы маусымнан бастап қымбаттауы мүмкін

Бүгін 09:42

Тұман, көктайғақ: 27 наурызда 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:04

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Кеше 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика