Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «EdUHK – Қазақстан білім академиясы» құрылды  

«EdUHK – Қазақстан білім академиясы» құрылды  

Білім және ғылым 26.11.2024, 11:11 908
«EdUHK – Қазақстан білім академиясы» құрылды   
QyzPU

Гонконг білім университеті (EdUHK) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Аталған келісім аясында «EdUHK – Қазақстан білім академиясы» құрылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек академияның құрылуымен құттықтап, EdUHK-ке Орталық Азия аймағындағы білім беру дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Ынтымақтастық Қазақстандағы ұстаздар мен мұғалімдер үшін жоғары сапалы халықаралық даму платформасын ұсынады. Сондай-ақ педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға, EdUHK пен Орталық Азия елдері арасындағы білім және тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған.

Келісімге қол қою рәсімі EdUHK университетінің Tai Po кампусында өтті. Оған QyzPU басқарма төрағасы – ректоры, доктор Гүлмира Қанай, EdUHK президенті, профессор Джон Ли Чи-Кин, Abai university басқарма төрағасы – ректоры, профессор Болат Тілеп қатысты.

Қол қою рәсімінде EdUHK президенті профессор Ли бірлесіп құрылған Білім Академиясының болашағына сенім білдіріп, EdUHK-тің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін айтты.

Бірлесіп құрылған білім академиясы білім саласындағы жасанды интеллект, білім сапасын бағалау, саладағы көшбасшылық және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша академиялық алмасуды дамытуға ықпал етеді. Университеттер сондай-ақ мұғалімдерді даярлау, бірлескен зерттеу жобалары және көпмәдениетті алмасу саласында ынтымақтастық орнатады. Бұл серіктестік EdUHK мен жібек жолы бойындағы Орталық Азия елдерімен, соның ішінде Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанмен білім алмасу мен тәжірибе бөлісуді жетілдіруге үлес қосады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Академия #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика