AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2024 жылы Қазақстан...

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2024 жылы Қазақстанда өтеді

Спорт 03.10.2022, 16:33 2,659 Almaty-akshamy
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2024 жылы Қазақстанда өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті


Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2024 жылы Қазақстанда өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Сіздерге Түркиядан сүйінші хабар жеткізгім келеді. Кеше ғана Түркияның спорт министрі Мехмет Касапоглу ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевқа келесі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу эстафетасын тапсырды. Яғни келесі ойындар 2024 жылы Қазақстанда өтеді.


Ал Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті. Әлемдік додада біздің спортшыларымыз ұлттық спорттың туын жықпай, айтулы нәтижелерге қол жеткізді.
Мәселен, көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш енген көкпарда Қазақстан алтын жүлделерді еншіледі. Жарыс барысында біздің құрама Өзбекстан мен Моңғолия құрамаларынан өтіп, ақтық ойында Қырғызстан құрамасын 4:3 есебімен жеңді.


Сондай-ақ, батырымыз Марат Нығматуллаев 60 келі салмақта қазақ күресінен алтын жүлдені иеленсе, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтынды Зарина Сарипова жеңіп алды.


Бұған дейін Қазақстан дәстүрлі садақ ату мен жамбы атудан күміс жүлделерді еншілеген.
Көшпенділер ойындарының нәтижелері бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдесі бар. Бұл тамаша нәтижені келесі көшпенділер ойындарында еселеу - Ұлттық спорт қауымдастығының келесі 2 жылдағы мақсаты деп білемін.


Ел намысын ақтаған барлық спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймын!», - деп жазды Исламбек Салжанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көшпенділер ойыны #Қазақстан #2024 жылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);