Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы жү...

Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы жүйесін реформалауға грант бөледі

Қаржы 08.11.2021, 04:15 1,378
Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы жүйесін реформалауға грант бөледі
Сурет: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Техникалық көмек көрсету 2 жылға есептелген.


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесу қорытындысы бойынша тараптар Дүниежүзілік Банктің ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету бағдарламасы (техникалық көмек) бойынша ынтымақтастық туралы уағдаласты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Дүниежүзілік банк мүдделі елдерге олардың ағымдағы саясатын қайта қарау және қайта бағдарлау және ауыл шаруашылығын қолдау тұрғысында жүзеге асырылатын және нақты нұсқаларды бағалауға қолдау көрсету үшін техникалық көмек бағдарламасын құрды.



Бағдарлама қазірдің өзінде 13 елмен аналитикалық жұмыста қолдау көрсету және реформалардың техникалық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жүзеге асырылатын нұсқаларын ұсыну үшін ынтымақтастық орнатты. Ауыл шаруашылығы саясатын қайта құру бойынша көмек аясында банк тұрақты ауыл шаруашылығына көшу бойынша күш-жігерді жұмылдыру мақсатында жаһандық хабардарлықты арттыру және консенсус қалыптастыру үшін жоғары деңгейдегі саяси дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.



Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесуде 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамытудың Ұлттық жобасының басымдықтары негізінде ауыл шаруашылығының өсуіне, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға және азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану саласында неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған орнықты аграрлық азық-түлік жүйесін құруды қолдауға бағытталған гранттық қаражат есебінен Қазақстанға 2 жылға есептелген техникалық көмек көрсету мәселелерін талқылады.


Техникалық көмек шеңберінде халықаралық сарапшылар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы саладағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, субсидиялау жүйесіне терең талдау жүргізеді, мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары ұсынылады, қаржылық қолдау көрсетуге жәрдем көрсетіледі.


Сондай-ақ, климаттың өзгеруін, Қазақстанның кейбір бөлігінің қуаңшылыққа  ұшырауын назарға ала отырып, Дүниежүзілік банк оның ауыл шаруашылығына әсерін азайту, басқару және салдарын жұмсарту бойынша тиімді стратегия әзірлеу жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірледі.


Қазақстандық тараптың сендіруі бойынша, бұл ұсынымдарды барлық мүдделі органдардың тарапынан мұқият зерделенетін болады.    


Тараптар техникалық көмек шеңберінде оң нәтижелерге қол жеткізуге бейілділігін растады, сондай-ақ байланыстардың жоғары динамикасын қолдауға келісті.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ауыл #шаруашылық #дүниежүзілік #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі