Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Дубайда қазақ қызының көрмесі өтті

Дубайда қазақ қызының көрмесі өтті

Мәдениет 03.05.2024, 12:19 1,339
Дубайда қазақ қызының көрмесі өтті
Сурет: интернеттен

Араб Әмірліктерінде Қазақстан суретшісі, дизайнер Ләйлә Жарқын шығармаларының көрмесі өтті.


Еліміздің Дубайдағы Консулдығының қолдауымен ұйымдастырылған мәдени іс-шараға осы мемлекетте жүрген отандастарымыз, қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Келушілер киізден жасалған бұйымдарды тамашалап, қазақ өнерінің құдіретіне тағы бір мәрте таңғалысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


«Туған жер» атауымен өткен көрмеде кәсіби суретші Ләйлә Жарқын онға жуық киіз текемет пен қолөнер бұйымдарын таныстырды. 18 жасынан бері киіз басу өнерін таңдаған суретші ұмытылып бара жатқан ұлттық қолөнерді дәріптеп, оны жаңғыртуға бел буған.



Ләйлә Жарқын, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі: - Біздің өнерді таныту, тек қана қазақстандықтарға ғана емес, әлемге таныту. Қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақтың осы өнерге жақындағанын қалаймын және осындай біздің бар байлығымызбен әлеммен бөліскім келеді.



Көрмені тамашалауға келгендерді шебер шығармаларының мазмұны ғана емес, киізді дайындау техникасының ерекшелігі де қызықтырды. Табиғи таза материалдан жасалған сырмақ, текемет, түскиіз, тақия секілді өнімдер үлкен сұранысқа ие. Киіз бүгінде суретшілер, дизайнерлер, қолөнер шеберлерінің ой-қиялындағы сұлулықты жеткізетін басты құралының біріне айналған. 


Әдемі түстерге боялып, шүйкеленіп қойған жабағы жүнді осылай икемдеп, қалаған дүниені жасап алуға болады. Шебердің айтуынша киіз басу өткен замандағыдай тым күрделі емес. Керісінше, кез келген адам тез үйреніп алатын кәсіп.



Динара Шахметова, "Nomad" мәдени орталығының жетекшісі: - Біздің мәдени құндылықтарымызды жаңғырту. Шетелде жүргеннен кейін салт-дәстүрімізді ұмытпау үшін біз осындай шараларды ұйымдастырып жатырмыз. Дубайда тұратын қытайлық қандасымыз Раушангүл Әзиз шебер ұйымдастырған қолөнер сабағына қызын ерте келген. Анасынан үйренгенін ұрпағы да жалғастырғанын қалайды.


Раушангүл Әзиз, тұрғын: - Кішкене кезімізде басатынбыз жайлауда. Әкем мен ағаларым киізді илеп қолыменен, ыстық судан білектері қып-қызыл болып шығатын. Балалық шағыма кетіп қалғандай болып, шешемнің, әжемнің жанында жүргендей күй кешіп тұрмын.



Мақтанып айта алмаймын әжеммен бірге істедім деп, қазір рахаттанып істеп отырмын, керемет екен, шабыт та келеді, денем тітіркеніп керемет сезімдемін.


Қысқа уақыттың ішінде киізден көз тартар көркем дүниелер жасалды. Қөлөнер шебері Ләйлә Жарқынның діттеген мақсаты да осы – киіз басудың жеңіл әдісін үйрету арқылы ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұраны мәңгіге сақтап қалу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #дубай #Ләйлә Жарқын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Кеше 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Кеше 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Кеше 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Кеше 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика