Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ДСМ орта медициналық персоналды даярлау жүйесіндег...

ДСМ орта медициналық персоналды даярлау жүйесіндегі талаптарды күшейтеді

Медицина 11.04.2025, 14:23 832
ДСМ орта медициналық персоналды даярлау жүйесіндегі талаптарды күшейтеді
Сурет: Gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шығыс Қазақстан облысына және Абай облысына жұмыс сапары шеңберінде екі медициналық колледжде болып, орта медициналық персоналдың даярлық деңгейімен танысты.

Өскеменде ведомство басшысы еліміздегі бұрынғы оқу орнына күрделі жөндеу жүргізу, практикалық сабақтар өткізу үшін мамандандырылған кабинеттермен жарақтандыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР ДСМ-ге сілтеме жасап. 

2025 жылы Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған Денсаулық сақтау министрлігі болашақ мейіргерлер мен фельдшерлердің білімі мен құзыретінің сапасын арттыруға бағытталған орта медициналық персоналды даярлау тәсілдерін қайта қарауда.

Орта медициналық персоналды даярлау жүйесінде не өзгереді?
- студенттердің практикалық дағдыларын күшейту;
- колледждерді жарақтандыру стандарттарын қайта қарау;
- оқытушылар құрамына қойылатын талаптарды арттыру
- тәлімгерлік институтын енгізу
- мейіргер ісінің бас штаттан тыс кураторларын тағайындау.

Білікті медициналық кадрларға деген қажеттіліктің артуы жағдайында орта медициналық персоналды даярлау стратегиялық маңызға ие болады. Бүгінде 2 мыңнан астам студент оқитын Өскемен жоғары медициналық колледжі фельдшер, акушер, мейіргер, зертханашы, фармацевт және стоматолог бағыттары бойынша мамандар даярлайды.

Бұдан әрі Абай облысына сапары барысында министр өңірдің денсаулық сақтау басқармасының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінде болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жұмысшы мамандықтар жылы #ота медициналық персонал #дайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Бүгін 17:01

Алматыда жүргізушілер көліктерінің шығарындысын тегін тексеруден өткізді

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика