AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ДСМ: бес өңірде жаңа онкология орталықтары салынад...

ДСМ: бес өңірде жаңа онкология орталықтары салынады

Медицина 28.02.2023, 06:22 1,335 Almaty-akshamy.kz. 
ДСМ: бес өңірде жаңа онкология орталықтары салынады
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 



Бес өңірде: Алматы қаласы, Атырау, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында жаңа онкология орталықтарын салу және Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында радиологиялық корпус пен операциялық-реанимациялық корпустарды реконструкциялау жоспарланып отыр. Сондай-ақ соңғы 3 жылда жаңа онкология орталықтары пайдалануға берілген Маңғыстау, Павлодар және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде онкология орталықтарына күрделі жөндеу жүргізу көзделген, - деп атап өтті ведомство басшысы.



Сонымен қатар паллиативтік көмек және оңалту бағыты бойынша қолға алынатын шараларға тоқталды. 



Онкологиялық пациенттерге арналған мобилдік бригадалар желісін, инвазивті емес және морфині бар дәрілік заттар спектрін, оңалту көмегін кеңейту және денсаулық сақтау мамандарын пациенттерді біртіндеп ауырсыздандыру әдістемесіне оқыту жөніндегі іс-шаралар қарастырылған. Онкология бойынша резидентурада жыл сайын кемінде 50, сәулелік терапияда кемінде 10-12 орындар саны ұлғайтылатын болады. Медициналық емес мамандардың (физиктер, дозиметристер, химиктер) даярланатын, біліктілігі арттырылатын, оның ішінде әлемнің жетекші онкология орталықтарында оқытылатын болады. Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында 2025 жылға қарай клиникаға дейінгі зерттеулер мен ісік геномы зертханалары құрылады, - деді Ажар Ғиният. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #онкология #орталық салу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);