AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Достық даңғылын абаттандыру: Алматы жаяу жүргіншіл...

Достық даңғылын абаттандыру: Алматы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін ыңғайлы болмақ

Барлығы 17.07.2025, 10:05 1,308
Достық даңғылын абаттандыру: Алматы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін ыңғайлы болмақ
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Абай даңғылынан Әл-Фараби даңғылына дейінгі Достық даңғылы учаскесіндегі кешенді абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Жоба жайлы қоғамдық кеңістікті қалыптастыруға бағытталған. Мұнда тротуарлар жаңартылып, сквер салынады, спорт алаңдары мен шағын сәулеттік пішіндер орнатылады. Сондай-ақ, көгалдандыру, жаяу жүргіншілер аймағын кеңейту және реттелген автотұрақтарды ұйымдастыру көзделген.

Бұған дейін бұл учаскеде тротуарлар тар және біркелкі болған, автотұрақтар ретсіз қойылып, жасыл аймақтар күтімсіз қалған, велосипед инфрақұрылымы болмаған. Мамандардың айтуынша, бұл аумақты жаңаша ойластырып, кешенді жаңғырту қажет болған.

Жұмыс 4,18 гектар аумақты қамтиды, қайта жаңғыртылатын учаскенің ұзындығы 1,5 км. Жобаны «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты әзірлеген және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған.

Дархан Сатыбалды жұмыс сапарының соңында мерзім мен жобалық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол Алматы көшелері қала тұрғындары мен қонақтары үшін таза, заманауи және ыңғайлы болуы керек екенін атап өтті.

Даңғылды абаттандыру қалалық ортаның сапасын арттыруға, қауіпсіз және заманауи инфрақұрылым құруға, қала тұрғындарының жайлылығын арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Достық даңғылы #абаттандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);