AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «ДОСБОЛLIKE» республикалық акциясы басталды

«ДОСБОЛLIKE» республикалық акциясы басталды

Білім және ғылым 18.01.2024, 12:11 3,044
«ДОСБОЛLIKE» республикалық акциясы басталды
Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Елімізде «ДосболLIKE» республикалық акциясы басталды.


Ол мектептердегі әлеуметтік-эмоциялық ахуалды жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Акцияның мақсаты − ынтымақтастық арқылы оң қарым-қатынастың ең жақсы жолдарын табу және білім беру мекемелерінде достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін оқушылар қауымдастығын біріктіру. «ДосболLIKE» акциясы 2024 жылдың 17 қаңтарынан 17 ақпанына дейін жалғасады.



«ДосболLIKE» жобасы балалардың әлеуметтік-эмоцияналдық дағдыларын дамытып қана қоймай, білім беру ортасында сапалы өзара қарым-қатынас үшін берік негіз қалайды. Біз сыныптарда сындарлы әрекет ету дағдыларын және қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру табысты білім алудың негізгі қадамы болатынына сенімдіміз. «ДосболLIKE» тек жай ғана бастама емес − бұл біздің үздік білім беру тәжірибесіне инвестициямыз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.



Акцияға барлық орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, педагогтер, еріктілер және әлеуметтік серіктестер қатыса алады.



«Менің ойымша, бұл жоба біз сияқты оқушылар үшін өте пайдалы болады. Қазіргі қоғамда жәбірлеу және әлеуметтік теңсіздік сияқты мәселелер жиі кездеседі. Осы жобаның арқасында оқушылар өз құқықтары туралы біліп, басқаларға көмектесіп, мейірімділік таныта алады», - дейді 9 сынып оқушысы Мәсімхан Естілеуов.



Айта кетейік, акция аясында келесі бағыттар бойынша іс-шаралар өтеді:



• Шығармашылық ынтымақтастық
• Шағын зияткерлік академиясы
• Спорттық достық
• Шеберлер қаласы
• Жақсы көңіл-күй
• Еріктілер және т. б.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДОСБОЛLIKE #оқушылар #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Қазақстанның атом саласының ардагерлері мен мамандарына құрмет көрсетілді

Бүгін 10:25

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);