AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Досаев Жетісу ауданындағы инфрақұрылым мәселелері...

Досаев Жетісу ауданындағы инфрақұрылым мәселелері қалай шешіліп жатқанын айтты

Әлеумет 08.09.2022, 03:51 1,179
Досаев  Жетісу ауданындағы инфрақұрылым мәселелері қалай шешіліп жатқанын айтты
Сурет: Almaty-akshamy

Бұрын көтерілген мәселелердің 85%-ы шешілді.


Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы Жетісу ауданының тұрғындарымен кезесу барысында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қазіргі уақытта ауданда су және электрмен жабдықтау, көшелерді су басу және көлік-жол инфрақұрылым мәселелерін шешу, әлеуметтік саланы дамыту мен абаттандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. 



«Сіздердің өтініштеріңіз бойынша осы жылдың тамыз айында Рабочий кентіндегі 22 көшенің сумен жабдықтау және кәріз желілері «Алматы Судың» балансына берілді. Қазіргі уақытта 47 км желі сынақтан өткізіліп жатыр. Олардың 37 км – сумен жабдықтау, 10 км – кәріз желілері. Сынақ жүргізілгеннен кейін келесі жылдың сәуір айында оларды пайдалануға беру көзделген. Сонымен қатар, биыл қазан айының соңына қарай Қазыбаев – Рысқұлов – Тәтібеков - Райымбек көшелерінің шегіндегі сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау және кәріз желілерін салу жұмыстарын аяқтау жоспарланған (су құбыры – 43 км, кәпіз – 15 км, 2019 жылы «Алвис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастады). Жұмыстар 90%-ға орындалды, 30 көшеге асфальт төселді», - деді Ерболат Досаев. 



Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, Палладин – Павлодар – Сельская – Боралдай көшелері және "Кемел" шағынауданының тұрғындарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін осы жылдың мамыр айында 40 км ескірген желілерді реконструкциялау жұмыстары басталды. 



«Қазір осы мекенжайларда мердігер ұйымдар («ABM Building» және «ЕС Энерджи») темірбетон тіректерді орнатып, кабель желілерін тарту жұмыстарын жүргізуде. Қазірдің өзінде 600 тірек орнатылды, 10 км кабель тартылды. Палладин – Павлодарская – Сельская - Боралдай көшелеріндегі жұмыстар осы жылдың соңына дейін, Кемел шағын ауданындағы жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында аяқталады.Бұл 4 000-нан астам абонентті электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді әкім.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы күрт өзгереді деп болжанды

Бүгін 08:33

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Кеше 18:42

Алматының ажары

Кеше 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);