Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді Сурет: Tengrinews.kz

18 шілдедегі түскі саудада доллар бағамы арзандады. Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,99 теңгеге төмендеп, 444,15 теңгені құрады.


Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 61,99 теңгені (-0,14) құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлттық банк еуро бағамын 501,73 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.


Ақша айырбастау орындарында доллар 444,5-447,5 теңге, еуро 497,5-502 теңге, ресей рублі 4,81-5,03 теңге аралығында сатылып жатыр.


Ал 18 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.


Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,10%-ға өсіп, барреліне 78,58 долларды құрады.


NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,23%-ға өсіп, 74,25 долларды құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42

14:31

14:16

14:10