AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / ДНҚ негізінде жасалған алғашқы коронавирус екпесі...

ДНҚ негізінде жасалған алғашқы коронавирус екпесі шұғыл қолдануға әзір

Коронавирус 23.08.2021, 14:47 1,425
ДНҚ негізінде жасалған алғашқы коронавирус екпесі шұғыл қолдануға әзір
Сурет: Сoronavirus2020.kz

Екпе шұғыл жағдайға дайын.


Үндістанның Дәрі-дәрмектер жөніндегі (DCGI) Бас бақылаушысы жұма күні коронавирусқа қарсы ZyCoV-D Zydus Cadila вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсатын берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Үндістанның Ғылым және технологиялар министрлігінің мәлімдеуінше, ДНҚ негізінде жасалған әлемдегі алғашқы коронавирус вакцинасын ересектерге және 12 жастан асқан балаларға салуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат India TV News Desk-қа сілтеме жасап. 28 мың ерікті қатысқан ІІІ клиникалық сынақтың аралық қорытындысы ПТР-дың оң нәтижесі бар жағдайда бастапқы тиімділігі 66,6%-ға жеткенін көрсетті.


Қазіргі кезде бұл - Үндістанда COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның ең үлкен сынағы. Бұл вакцина бұрын өткізілген І/ІІ сынақ кезінде өзінің иммуногендігін, төзімділігі және қауіпсіздігі тұрақты екенін көрсетті. І/ІІ және ІІІ клиникалық сынақты Мәліметтер қауіпсіздігіне мониторинг жасау тәуелсіз кеңесі (DSMB) қадағалаған. 1 шілдеде штаб пәтері Ахмедабадта орналасқан ірі DCGI фармацевтика компаниясы вакцинаны шұғыл пайдалануға рұқсат алу үшін өтінім жіберген. Компания вакцинаны қазіргі кезде Үндістанның 50-ден астам орталығында ірі клиникалық сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Енді ZyCoV-D – елде қолдануға рұқсат етілген алтыншы вакцина. Үндістанда Serum Institute-тің Covishield, Bharat Biotech-тің Covaxin, ресейлік Sputnik V, американдық Moderna және Johnson and Johnson вакциналары қолданылып келеді.


Плазмида ДНҚ негізінде әзірленген ZyCoV-D вакцинасын тері астына инесіз инъектордың көмегімен салған жөн. Zydus Group төрағасы Панкадж Р. Патель (Pankaj R Patel) олардың «қауіпсіз, төзімділігі жақсы әрі тиімді вакцинаны» шығара алғанына дән ризашылығын білдірді.



«Осындай шешуші кезеңде және, барлық проблемаға қарамастан, әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы ДНК-вакцинасын шығару – үндістан зерттеуші ғалымдарының еңбегі және олардың жаңашылдық рухы», - деді ол.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДНҚ #негіз #Алғашқы #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);