Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Директорлар форумы өтті

Директорлар форумы өтті

Білім және ғылым 22.01.2024, 13:41 1,204
Директорлар форумы өтті
Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Назарбаев университетінің базасында Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары мемлекеттік мектептері директорларының қатысуымен «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбындағы форумында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлады аlmaty-akshamy.kz. 


TEDx форматындағы интерактивті сессияға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Еліміздің бас ұстазы отандық білім беру жүйесін дамытудың маңызды аспектілеріне тоқталып, кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.



«Мемлекет басшысының қолдауымен төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни екі есе өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің жалақысы 30%-ға өсті. Бұл бағыттағы жұмыстар, яғни педагогтерді қолдау шаралары жалғасады. Осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады», - деді Ғани Бейсембаев.



Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде министрлік ұлттық білім беру деректер базасын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуде. Онда білім беру ұйымы туралы мәліметтер, педагогтің жеке деректері, білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасы және т.б. көрсетіледі.


Кездесуге Астана қаласы мен Қазақстанның төрт солтүстік облысындағы орта білім беру ұйымдарының бір жарым мыңға жуық басшысы қатысты. Олар үшін диалог алаңы ашылды. Онда жиынға қатысушыларға білім беру саласындағы бақылау және мониторинг іс-шараларының қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды. Атап айтқанда: білім беру сапасын арттыру, инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту, цифрландыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқалар.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр Алматы қаласы, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстары мектептерінің директорларымен кездесулер өткізген болатын. Форум еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #білім #директор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика