Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Дінтанушылар алматылық мұсылмандарды Құрбан Айт ме...

Дінтанушылар алматылық мұсылмандарды Құрбан Айт мерекесін үйде өткізуге шақырды

Өмір-өзен 20.07.2021, 10:01 1,816
Дінтанушылар алматылық мұсылмандарды Құрбан Айт мерекесін үйде өткізуге шақырды
Сурет: Stan.kz

Бұған дейін де биылғы Құрбан айт мерекесінің онлайн режимде өтіп жатқанын хабарлағанбыз.


Алматы қаласының Дін істері басқармасы мұсылмандардан Құрбан Айт мерекесін тойлау кезінде шектеу шараларына түсіністікпен қарауды өтінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Еске салсақ, биыл карантин мен жұқтырғандар санының өсуіне байланысты  ғибадат етуге әрі құрбандық шалу орындарында адам көп болуына тыйым салынды.


Алматы қаласы Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке азаматтардан қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескеруге әрі құрбан шалу орнына келмеуге, үйде намаз оқып, мерекені шағын отбасылық ортада атап өтуге шақырды.



«Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай күн сайын нашарлауда. Індет кезеңін кез келген діндар адам  ислам діні талап еткендей даналық, кішіпейілділікпен қабылдауы керек. Біздің ортақ міндетіміз мерекені жайлы, қауіпсіз өткізу. Халықтың денсаулығы қазір бәрінен де маңызды», – деді Дін істері басқармасының өкілі Ерғали Көшеке. 



Қазіргі уақытта qurban2021.kz. сайты арқылы өтініш бергендердің атынан имамдар, мешіт қызметкері мен еріктілер сою орындарында болып, құрбандық шалу рәсімдерін қашықтықтан өткізеді.
Құрбандық еті қазірдің өзінде таратылып, мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізілуде. 



«Сағат 10-дағы мәлімет бойынша, 800-ден астам адам құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш берді. 50 қой мен ірі қара құрбандыққа шалынып, 225 отбасына ет жеткізілді. Барлық рәсім санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жұмылдырылған адамның ең аз қатысуымен өтеді», – деді Ерғали Көшеке.



Сонымен қатар, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты қала мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне арналған дұғалар оқылмайды. Мұсылмандарға үйде екі рәкат намаз оқу ұсынылды.


Сөз соңында басқарма өкілі тағы да барлық діндарларды өздерінің әрекеттерін шектеуге, қонаққа бармауға, бұқаралық іс-шара өткізбеуге шақырды. 



Айта кетсек, өткен тәулікте Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жалпы санына (63 мыңнан астам адам) тағы 629 адам қосылды. Өткен аптада науқастардың күнделікті өсуі тіркелді. 18 шілде күні тәуліктік өсім 798 адамға жетті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құрбан айт #онлайн #дінтанушы #ҚМДБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика