AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Діни сауаттылық – адаспаудың айғағы

Діни сауаттылық – адаспаудың айғағы

Барлығы 20.07.2025, 16:15 532 dulatbekova
Діни сауаттылық – адаспаудың айғағы
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласының терроризмге қарсы комиссиясы тұрақты түрде халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Жақында Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Төле би», «Музаммиль», «Әли-Мұхаммед» және «Вайнах» мешіттерінің жамағатымен «Діни сауаттылық – адаспаудың айғағы» тақырыбына дәріс өткізілді.

Сабақ мақсаты – қалалық діни қауымдастықтарың жұмысымен таныстыру және дінге жаңа бет бұрған жастар арасында радикалдық көзқарастар мен сенімдердің таралуына жол бермеу.

Спикерлер ретінде Алматы қаласы «Кеңес беру және оңалту орталығы теологы», дінтану магистрі – Айбар Қойшыбаев пен «Нұр-Мүбарак» университетнің аға оқытушысы, магистр исламтанушы – Нұржан Стамбакиев дәріс оқыды.

Кездесу барысында, мешіт қауымына Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екені, дәстүрлі дінге жатпайтын түсініктер мен көзқарастарды насихаттауға болмайтыны туралы айтылды. Сонымен қатар, жат ағым ұстанушысының дәстүрлі Ислам өкілінен қандай белгілері арқылы ажыратуға болатынына мысал келтірілді.

Дінтанушылардың айтуынша, психикалық тұрғыдан әлсіз, қатты күйзеліске ұшыраған, тым аңғал және дін саласындағы білімі өте төмен бола тұра, діни мәселелер қарастырылатын діни қоғамдар мен қауымдастықтарға баратын адамдар дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің арбауына жиі түседі. Сонымен қатар, шет елде рухани білім алу кезінде радикалды идеологияның ықпал ету мүмкіндігі зор.

Сабақ соңында тыңдаушыларға шетелдік күмәнді теологиялық оқу орындары айтылды.

Өткізілген іс-шара тыңдаушылардың діни сауаттылығын арттыруға және радикалды идеологияларға иммунитетті қалыптастыруға үлесін қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#діни сауаттылық #адаспау #ақпараттық түсіндіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);