AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концерті рекорд жа...

Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концерті рекорд жаңартуы мүмкін

Әлеумет 22.09.2022, 07:14 1,754
Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концерті рекорд жаңартуы мүмкін
Сурет: Diapazon.kz

50 елдің азаматтары концертке билет алыпты. 


23 қыркүйекте Алматы қаласында әнші Димаш Құдайбергеннің Stranger атты алғашқы жеке концертін береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 



«Бұл - менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі - Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын», – деді Димаш Құдайберген.



Қазір әншінің Алматының орталық стадионында өтетін жеке ән кешіне арналған билеттердің 90 пайызы сатылып кеткен. Алматыға әншінің шетелдегі тыңдармандары да көптеп келіп жатыр. Қолда бар дерекке қарағанда, қазірдің өзінде 21 мыңнан астам билет сатылған. Бұл – жалпы билет санының 90%.  Ол тек концерт өтетін Орталық стадиондағы негізгі орын ғана. Одан бөлек фанаттар аймағында, яғни сахна алдында тағы 10 мыңға жуық көрермен концертті тамашалай алады.


Онлайн билет сататын компанияның бас директоры Виктория Торгунакованың айтуынша, билеттің бағасы 8-10 мың теңгеден басталып, сахнаға жақын орындардың бағасы 40 мың теңгеге дейін жетті.



«Қазір фанаймақта 10 мың теңгелік және қымбат орындардың билеттері ғана бар. Билет сатылымға шыққан күннен бері сатып алушылардың саны артып жатыр. Әлемге танымал өнер иесінің шетелдік жанкүйерлері де аз емес. Сатылған билеттердің 5 мыңға жуығын өзге елдің тыңдармандары сатып алған. Щвейцария, Франция, Украина, Қытай, Катар, АҚШ, Бразилия және Аргентина сынды жалпы саны 50 елдің азаматтары концертке билет алыпты. Тіпті бірқатар қонақ үйлерде қазірдің өзінде бос орын қалмаған», –  деді ол.



Алматы қалалық туристік ақпараттық орталық директорының орынбасары Бауыржан Пазылхайырдың айтуынша, әншінің концертіне билеттер 14 шілдеден бастап саудаға шығарылған. Алғашқы екі тәулікте 10 мыңнан аса билет сатылыпты. Сондықтан Димаш Құдайбергеннің концерті көрерменнің көптігімен рекорд жаңартуы мүмкін.


Димаш Құдайбергеннің жеке концерті 23 қыркүйек күні кешкі сағат 20.00-де Орталық стандионда басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Концерт #Димаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);