AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Десантшылардың батыл әрекеті қызыл жалынды тоқтатт...

Десантшылардың батыл әрекеті қызыл жалынды тоқтатты

Әлеумет 22.07.2023, 07:37 1,031
Десантшылардың батыл әрекеті қызыл жалынды тоқтатты
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері 16194 әскери бөлімінің өрт сөндіру есептобы шұғыл түрде өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өрт әскери қалашықтағы гараждарда болды. Қызыл жалынды патруль құрамында әскери бөлімнің аумағын айналып өткен ефрейтор Альтаир Мұхамедсалимов байқады. Әскери қызметші бірден кезекшіге баяндап, кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер есептобы келіп жетті.


Сержант Бақытжан Қалидолдаевтың басшылығымен құрамында 10 адамы бар өрт сөндірушілер тобы жарты сағат ішінде жалынды ауыздықтады. Орын алған оқиғаны желдің екпіні қиындатты, соның салдарынан өрт көрші ғимараттарға да таралуы мүмкін еді.



– Негізінен бұл гараждарды әскери қалашық тұрғындары қойма ретінде пайдаланады. Біз өрт тұрғын үйлерге немесе әскери бөлімге таралмас үшін тез әрекет еттік. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ, – дейді сержант Бақытжан Қалидолдаев.



Өртті сөндіру кезінде есептоп әскери бөлімде үнемі өткізілетін сабақтарда алған барлық білім мен дағдыларын пайдаланды. Жедел және батыл әрекеттерінің арқасында оқиға нәтижелі аяқталып, жеке құрамға әскери қалашық тұрғындары алғысын айтып, әскери бөлім командирі полковник Қали Тықыровтың мақтауына ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#десант #өрт #өшіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);