Дерекке негізделген шешім – жоғары білімнің жаңа бағыты

Дерекке негізделген шешім – жоғары білімнің жаңа бағыты Cурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жоғары білім беру жүйесінің өзекті мәселелеріне арналған маңызды басқосу өтті.

 «Жоғары білім беруде деректерге негізделген шешім қабылдау: институционалдық зерттеулердегі қазіргі мәселелер мен болашақ бағыттар» атты Қазақстандағы институционалдық зерттеулер бойынша III форумды QyzPU мен еліміздің жетекші жоғары оқу орындары — Nazarbayev University, KIMEP University және SDU University бірлесіп ұйымдастырды, деп хабаралайды aqshamnews.kz.

Іс-шараға сарапшылар, зерттеушілер және білім беру ұйымдарының өкілдері жиналды. Жиын барысында білім беру саласындағы шешімдерді деректерге сүйене отырып қабылдау қажеттігі, сапаны арттыру жолдары, халықаралық тәжірибені енгізу мәселелері кеңінен сөз болды. Форум аясында қатысушыларға үздік халықаралық тәжірибелер, аналитикалық жүйелер мен цифрлық құралдарды енгізудің нақты мысалдары ұсынылды.

QyzPU Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай форумның жоғары білім беру жүйесін жаңғыртудағы маңызын атап өтті.

«Бүгінгі форумда сала сарапшылары бас қосып, студенттерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ жоғары білім беру жүйесінің болашағына ықпал ететін шешімдер қабылдаудағы өз рөліміз қандай болмақ деген маңызды сұрақтар көтерілді. Алдағы уақытта еліміздің әрбір университетінде осындай аналитикалық зерттеулер негізінде маңызды басқару шешімдері қабылданып, жоғары оқу орындарының халықаралық стандарттарға сай трансформациялануына мүмкіндік туатынына сенім білдіреміз», – деді ректор.

Форумда білім сапасын арттыру үшін деректерді жинау мен талдаудың заманауи әдістері, цифрландырудың институционалдық зерттеулердегі рөлі, сондай-ақ кадрлық және әдістемелік мәселелер кеңінен талқыланды. Назарбаев Университетінің Институционалдық зерттеулер және аналитика бөлімінің басшысы Мэттью Кортни: «Деректер – саналы шешім қабылдаудың басты құралы. Бұл форум – университеттердің тәжірибе алмасуы мен білім беру сапасын жаңа деңгейге көтерудің нақты алаңы», – деп атап өтті.

Форумның ерекшелігі – теориялық бөліммен қатар, практикалық оқыту сессияларының өткізілуі болды. Microsoft компаниясының мамандары Excel бағдарламасын басқару мен дерек талдау құралы ретінде тиімді қолдану тәсілдерін үйретті. SDU University Сапа мониторингі департаментінің директоры Гульназ Тогузбаева форумның қолданбалы маңызын атап өтті.

 «Бұл іс-шара Қазақстандағы жоғары білім беру саласы үшін өте маңызды. Іс-шараның басты мақсаты – жоғары білім беру саласында шешім қабылдау үшін деректерді тиімді пайдалану. Қазіргі таңда университеттердің саналы шешім қабылдауы үшін нақты мақсаттар қойып, ұзақ мерзімді жетілдіру жолында нақты деректерге сүйенуі қажет», – деді ол.

Қатысушылар үшін пікірталас алаңы кәсіби ой бөлісудің, білім беру аналитикасын дамытудағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешудің тиімді алаңына айналды. Форум жоғары білім беруді деректер негізінде басқарудың келешегіне бағытталған нақты қадам ретінде бағаланды.

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:50

16:38

16:35

15:52

15:47

14:49

14:11

12:19

11:48

11:32

11:07

10:21

20:29

20:25

18:55

18:00

17:47

17:37

17:20

17:11

17:10

16:21

16:09

15:51

15:18