Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Депутаттар демалысқа кетті

Депутаттар демалысқа кетті

Әлеумет 30.06.2022, 05:19 936
Депутаттар  демалысқа кетті
parlam.kz

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда жетінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.



«Екінші сессияның заңнамалық күн тәртібі айтарлықтай мазмұнды болды. Мәселен, Парламент палаталарының 4-ші бірлескен отырысы өтті. Мәжілістің 42 жалпы отырысы өтіп, онда 271 мәселе қаралды. Сенаттың 42 жалпы отырысы өтіп, онда 148 мәселе қаралды. Осы сессия кезінде қос палатаның жұмысында 127 заң жобасы болды, оның 78-і қабылданды», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.



Осы орайда ол Парламент қабылдаған заңдардың қазіргі уақытта 66-сына Президент қол қойып, заң күшіне енгенін атап өтті.



«Әдеттегідей депутаттар елдің басты қаржылық құжаты 2022-2024 жылдарға арналған респуликалық бюджетке және оны нақтылауға баса мән берді. Мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға, денсаулық сақтауға, білім беруге, инфрақұрылымды дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға және басқа да маңызды мәселелерге қомақты қаражат бөлінді. 2022 жылы қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңден 60 мың теңгеге дейін өсті. Республикалық бюджетті қарау барысында депутаттық корпус азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орта есеппен 20 пайызға арттыру үшін қаражат бөлуді көздеді. Жалпы, алғанда, шамамен 1,2 млн азаматтық қызметшінің жалақысы өсті. Олардың қатарында педагогтер, медицина қызметкерлері және әлеуметтік қызметкерлер, кітапханашылар, музей қызметкерлері, орманшылар, сондай-ақ басқа саланың өкілдері бар», - деді Мәжіліс төрағасы.



Оның айтуынша, нақтыланған республикалық бюджетте қаңтар оқиғаларының салдарын жою жөніндегі, күштік құрылымдар мен төтенше жағдайлар органдарының жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру жөніндегі іс-шараларды қаржылындыруға ерекше назар аударылды.



«Халықтың табысын арттыру бағдарламасы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары және өңірлер мен бизнесті қолдау әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар бюджеттің қажетті қаражатымен нығайтылды. Депутаттық корпус заң шығару қызметінде Мемлекет басшысының тапсырмалары мен ол ұсынған жүйелі реформаларды практикалық тұрғыдан іске асыруға басымдық берді», - деді Е. Қошанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #парламент #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Бүгін 16:24

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді

Бүгін 16:10

Алматыда полиция 7 мыңнан астам қару иесін тексерді

Бүгін 15:55

Тоқаев: «Әскери қақтығыстар мен сауда соғысы жылдан жылға ушығып барады»

Бүгін 15:37

Алматыда колледж студенттері арасында «XXI бухгалтер: Мамандығым – мақтанышым» қалалық байқауы өтеді

Бүгін 15:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика