AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Депутаттар дауының артында кім тұр?

Депутаттар дауының артында кім тұр?

Өмір-өзен 26.09.2023, 06:50 4,158
Депутаттар дауының артында кім тұр?
Сурет: интернеттен

Соңғы уақытта елімізде халық қалаулыларына қатысты ақпараттық шабуыл жасау үрдіске айналып кеткендей.


Бұдан бұрын Дәулет Тұрлыхановтың ұлдарына қатысты видеолар желіде тарап, спортшыны бала тәрбиесі үшін кінәлағандар болды.


Сонымен қатар жер дауына белсене араласып жүрген заңгер депутат Бақытжан Базарбектің сәбиінің коляскасын өртеп жібергенін де жазғанбыз.


Енді ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту туралы айтқан Ринат Зайытовты депутаттық мандатынан айыру жайында петицияға қол жиналып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.


Даудың басы Ринат Зайытовтың «Адырна» ұлттық порталына берген YouTube арнасындағы сұқбаттан басталды.
Онда Ринат Зайытов Қазақстанда алаяқтықтың 80 пайызын намазхандар жасайды деген болатын.


Петицияға қол жинаушылар Ринат Зайытовтың  бұл сөзін Қазақстан Республикасы азаматтарының ар-намысы мен қадiр-қасиетiне негiзсiз нұқсан келтiрiп, Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарына нұқсан келтiру, қорлау және бұзу арқылы жалпыхалықтық резонанс тудырды деп отыр.


Петицияға қол жинаған Аlash.online порталы Қазақстанда «өзін мұсылман санайтын және әр жұма сайын жұма намазын оқитын 15,6 миллионнан астам азамат бар» деген дерек келтіріпті. Порталдың жазуынша, «Ринат Зайытовтың анықтамасына сенсеңіз, Қазақстан Республикасының 15,6 миллион азаматы алаяқтық әрекеттер жасайды, бұл шындыққа сай келмейді».


Ал Статистика агенттігінің сайтында жарияланған 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша еліміздегі 19 186 015 адамның 13 297 775-і мұсылман дінінде деп көрсетілген. Бірақ бұл 13 миллионнан астам мұсылманның бәрін бірдей намазхан деп айта алмаймыз. Мұның ішінде балалар мен намаз оқуға денсаулығы жарамайтын азаматтар да болуы әбден мүмкін. Сондықтан порталда жазылған «15,6 миллион намазхан азамат» деген сан әсірелеу емес пе деген күдік тудырады және жұма намазға барған жамағаттың бәрін намазхан деуге болар ма екен? Жалпы депутаттарға жасалған ақпараттық шабуылдың артында сыртқы күштердің мүддесі тұрған жоқ па?

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #Зайытов #намазхан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы жаңа Конституциядағы экологиялық құндылықтарды жүзеге асыруда

Бүгін 17:05

Алматы әкімі «Тазару күніне» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 16:36

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика