AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Депутат Шардара су қоймасын жедел тексеруді сұрады

Депутат Шардара су қоймасын жедел тексеруді сұрады

Әлеумет 18.01.2023, 10:32 1,060
Депутат Шардара су қоймасын жедел тексеруді сұрады
Сурет: Ult.kz

Құдайберген Ержан Бас прокурордың атына депутаттық сауал жолдады.


Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан Шардара су қоймасында су тасқыны қаупі барын ескертті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.


Оның айтуынша, БАҚ-та Шардара су қоймасының толып кету және Сырдария өзенінің бойындағы елді мекендерді су басу қаупі туралы ақпарат жарияланып жатыр.



«Сайлаушылардан осы жөнінде хаттар да, қоңырау да келіп түсуде. Халық қорқып, үрейленіп отыр. Сардоба су қоймасының жойылуының салдары әлі ұмытылған жоқ. Олар Шардара су қоймасының одан бірнеше есе асып түсетінін жақсы түсінеді», - деді ол Бас прокурорға жолдаған депутаттық сауалында.



Құдайберген Ержанның айтуынша, «Шардара» су электр станциясының жұмысы жабдықтар мен құрылысқа теріс әсер ететін шекті нормадан асқан. Депутат Бас прокурор Берік Асыловтан нысанды тексеруді сұрады.



«Жағалауды бұзады және көпірлерді жуады. Бұл шаруалардың егістігінде жер асты суының көбеюіне әкеледі. Берік Ноғайұлы, сізден осы мәселелерді қатаң назарға алып, халық игілігін қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймын, - деді депутат.



Айта кетейік, Шардара су қоймасы Түркістан облысында орналасқан. Қойманың жалпы сыйымдылығы – 5 млрд 200 млн текше метр.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шардара #депутат #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика