Алматы әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпова Алматы қаласы бюджетін талқылау барысында дәрілік заттарды бөлуге 39 178,72 теңге сомасында өтінімді қолдауды сұрады, деп хабарлайды Almaty-aksamy.kz.
Бұл жайында қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысумен өткен мәслихат сессиясында Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау барысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды.
Осыған байланысты тегін амбулаториялық емдеу кезінде Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына азаматтарды тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрілік заттардың, мамандандырылған емдеу өнімдерінің, медициналық бұйымдардың қосымша кепілдендірілген көлемімен қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мұқтаж пациенттерді мынадай дәрілік заттармен қамтамасыз ету қажет:
- «Иммуноглобулин, 10%-тік көктамыр ішіне егуге арналған ерітінді, 50 мл», нозологиялық топтағы Вискот-Олдрич синдромы бар балалар үшін;
- «Омализумаб 150 мг», бронх демікпесі, аллергиялық компоненті басым, ауыр жағдайдағы 4 пациент үшін;
- «Селументиниб капсуласы 10 мг», нейрофиброматоз нозологиясы бар 2 пациент үшін.
Сондай-ақ «Омализумаб» дәрілік заты Денсаулық сақтау министрлігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 6 «Ересектердегі бронх демікпесін» клиникалық емдеу мен диагностикалау хаттамасына кіреді.
Сонымен қатар Нейрофиброматоз нозологиясы бойынша «Селументиниб» дәрілік заты Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-142/2020 бұйрығымен бекітілген орфандық аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесіне кіреді.
Вискотт-Олдрич синдромы (WAS) - микротромбоцитопения, экзема, инфекциялар және аутоиммунды көріністер мен қатерлі ісіктердің даму қаупінің жоғарылауымен сипатталатын бастапқы иммунитет тапшылығы. WAS-пен ауыру деңгейі 100 000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 1 жағдайдан аз деп бағаланады.
Алматы қаласы мәслихатының шешімі бекітілгеннен кейін басқарма жоғарыда аталған дәрілік заттарды 2023 жылға сатып алуды жоспарлап отыр.