Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі басталды

Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі басталды Сурет: Egemen.kz

Елордада мәнерлеп сырғанаудан екінші Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирі басталды


Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырып жатқан жарыс 31 қазанда мәресіне жетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Биыл мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» (ISU Challenger Series) санатында 7-ші жарыс саналатын Denis Ten Memorial Challenge турнирінде 16 елден келген 100-ден астам спортшы бақ сынайды. Оның ішінде биылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері, Бейжіңде өтетін Олимпиадаға баратын мәнерлеп сырғанаушылар бар.


Турнирде бақ сынайтын қазақстандық спортшылар: ерлер арасындағы жекелей сында – Рахат Бралин, Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев. Әйелдер арасында – Анастасия Лобанова, Богдана Ракишев мен Ясмина Текик. Ал жұптық сында ел намысын Гаухар Наурызова/Боянсангур Датиев және Максин Уэзерби/Темірлан Ержанов жұбы қорғайды.


Турнирде Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жоғары санатты 36 төрешісі қызмет етеді.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:46

09:35

09:27

09:15

09:00

08:33

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58