Демалыста ауа райы қандай болады?

  • 17:21, 11 шілде 2025
Демалыста ауа райы қандай болады? сурет: ашық дереккөз

Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктер өтуіне байланысты жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Елдің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.

Тек оңтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарда, сондай-ақ 12 шілдеде батыс өңірде жоғары қысым алабының әсерінен күн ашық әрі ыстық болады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр.

"Республиканың батысында күндіз 35-39 градусқа дейін қатты ыстық, кей жерлерде аптап ыстық 40-42 градусқа жетеді. 12-13 шілдеде оңтүстік-батыста 39-44 градусқа дейін аптап ыстық, 14 шілдеде 38-42 градус аралығында болады. Солтүстік аймақтарда күндізгі температура сәл төмендеп, 17-25 градустан 15-23 градусқа дейін түседі. Шығыста орташа температура 22-30 градус аралығында, оңтүстікте 40-43 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста 35-38 градус аралығында аптап ыстық күтіледі", - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
2
Соңғы жаңалықтар

18:50

18:23

17:53

17:32

17:20

17:13

16:56

16:27

16:00

15:52

15:36

15:32

15:05

14:56

14:50

14:34

14:18

14:15

14:02

12:27

12:22

12:11

12:03

11:50

11:41