Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ДДСҰ Жетісу өңірінде демонстрациялық платформасын...

ДДСҰ Жетісу өңірінде демонстрациялық платформасын ашты

Әлеумет 29.03.2022, 15:37 1,119
ДДСҰ Жетісу өңірінде демонстрациялық платформасын ашты
Сурет: Gov.kz

Қазақстан өзге елдерге үлгі болды.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасы базасында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша өзінің демонстрациялық платформасын ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы ДДСҰ өкілдері мен Өзбекстанның медицина саласы мамандарының облысқа арнайы келген сапары барысында белгілі болған.



«Облыс әкімі Қанат Бозымбаев мұндай платформа үшін Алматы облысының таңдап алынуы халқының 78% ауылдық жерде тұратын өңір үшін аса маңызды екенін атап өтті. Жаңа нысан алғашқы медициналық көмек сапасын арттырумен қатар өңірді жоғары білікті мамандармен қамтуға да өз септігін тигізетініне сенім білдірді», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клуге өз сөзінде жаңа платформаның артықшылықтарына тоқталды.



«Қазақстан – ДДСҰ қолдап-қуаттаған Демонстрациялық платформаны ашып жатқан біздің аймақтағы алғашқы ел. Бұл тұрғыда Қазақстан өзге елдерге үлгі болды. Сөзден іске көшіп, бүгін орталық қалаларда емес, шет өңірде маңызды жобаны іске асырып отырмыз. Осы платформа арқылы мемлекеттер алғашқы көмек көрсетудің озық үлгілерін бір-бірінен үйреніп, өзара тәжірибе алмасады. Ковид індеті бізге неғұрлым мықты, бейімделген, қажетті ресурстармен қамтылған алғашқы медициналық көмек жүйесін қалыптастыру керек екенін көрсетіп берді. Сондықтан бұл платформаның маңызы зор», - деді Х.Клуге мырза.



Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаяттың айтуынша, осы алаңның Қазақстанда құрылуы еліміздегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамығанын айғақтайды. Қазақстанның бұл тәжірибесін облысқа сапарлап келген Өзбекстан делегациясы да өз елінде енгізуге ниеттеніп отыр.



«Біз Еңбекшіқазақ ауданындағы аурухана сияқты ұйымдардың озық инновациялық технологияларды қолданудағы тәжірибесі мен жетістіктерінің кең таралуына барынша мүмкіндік жасаймыз», - деді Ажар Ғинаят.



Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасының базасында ашылып отырған платформаның ерекшелігі сол – бұрын алғашқы медициналық-санитарлық көмекте сырқаттың жарасын таңып, дәрісін егіп, жәрдемін берсе, қазір дәрігер мамандардың жанына әлеуметтік қызметшілер мен психологтар да қосылып отыр. Яғни алғашқы көмек процесі кешенді түрде қарастырылады. Мұнда ана мен баланың денсаулығына, отбасын жоспарлауға, аурудың алдын алуға, дәрі-дәрмекпен дер кезінде қамтамасыз етуге ерекше мән беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аурухана #ВОЗ #Қазақстан #Жетісу #ДДСҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2026 жылғы ақпанда жылдық инфляция 11,7%-ға жетті

Кеше 22:01

Президент Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке арнайы құттықтау хат жолдады

Кеше 21:53

Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Кеше 19:12

Денсаулық үшін күнделікті қанша су ішу қажет?

Кеше 18:03

Қазақстандағы Алғыс айту күніне ұқсас әлемдегі мерекелер

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі