AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дауыс беру жүйесіне екі жаңашылдық енгізілмек

Дауыс беру жүйесіне екі жаңашылдық енгізілмек

Әлеумет 19.03.2023, 09:47 962 Almaty-akshamy.kz. 
Дауыс беру жүйесіне екі жаңашылдық енгізілмек
Сурет: ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келешекте дауыс беру жүйесіне екі жаңашылдық енгізу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Министрдің айтуынша, мұндай тәсіл сайлау процесіне жалған бюллетендердің қосылуын болдырмайды.


«Біз Орталық сайлау комиссиясымен бірге екі мәселені талқылап жатырмыз. Мысалы, дауыс берушіні сайлау округіне бекіту және тіркеуден шығару мәселесі бар. Бір облыстан екінші облысқа барып дауыс беретін болса, тұрғылықты округте тіркеуден шығуы керек. Келешекте осыны онлайн түрде жасауға болады», - деді ол депутаттар сайлауында дауыс беріп болғаннан кейін.

Сондай-ақ Бағдат Мусин сайлау жәшіктерін жаңа технологиямен жабдықтау мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.


«Жәшікке бюллетеньді салған кезде, қанша бюллетень түскенін автоматты түрде көрсетіп тұрса деген ойымыз бар. Яғни, мұндай технология салған бюллетініңіздің ешқандай қолдан жасалған құжат емес екенін, заңды құжат екенін растайды. Сайлау жәшігі қазіргідей болады. Бірақ кішкентай компьютерлері болады. Осындай ұсыныс бар. Қазіргі таңда бұл бірнеше елде жүзеге асырылған. Келешекте Орталық сайлау комиссиясымен талқылау жалғасады. Қазір бюллетеньдерді бақылаушылар санаса, енді бақылаудың тағы бір механизмі пайда болады. Ол жалған бюллетеньдердің қосылып кетпеуіне септігін тигізеді», - деді министр.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#келешек #автоматты санау #дауыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);