AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дауыл, көктайғақ: еліміздің басым бөлігінде ауа ра...

Дауыл, көктайғақ: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады

Барлығы 06.02.2026, 08:29 378 Дина
Дауыл, көктайғақ: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады
Сурет: shutterstock

Қазақстанның басым бөлігінде 6 ақпан, жұма күні ауа райы күрт бұзылады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» таратқан мәліметке сәйкес, ел аумағында қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді. Кей өңірлерде бұрқасын соғып, көктайғақ қалыптасады. Әсіресе түнгі уақытта Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты аяз күтіледі. Ал елдің оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Түркістан облысының асуларында, Абай облысының орталығында және Жетісу облысындағы Алакөл маңында желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асып, қауіпті деңгейге жетуі ықтимал.

Белсенді оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы және оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда қалың жауын-шашын түсіп, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Сонымен қатар тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қаупі күшейеді.

Тек батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде антициклон сілемінің ықпалымен жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде тыныш ауа райы болжанып отыр. Мамандар тұрғындарға алыс жолға шыққанда барынша сақ болуды және қолайсыз ауа райын ескеруді ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #ауа райы болжамы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);