AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дәрігерлер Қазақстанда өлім-жітім азайғанын айтады

Дәрігерлер Қазақстанда өлім-жітім азайғанын айтады

Әлеумет 22.06.2022, 11:44 1,175
Дәрігерлер Қазақстанда өлім-жітім азайғанын айтады
Сурет: Focus.ua

Өткен жылға қарағанда өлім-жітім 5 пайызға төмендеген.


2022 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша елімізде өлім-жітім деңгейі төмендеген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы халықтың жалпы денсаулық жағдайымен тікелей байланысты. Сондықтан да бүгінгі жиында айтылатын ұсыныс, пікір, идея мен өтініштер аталған саланы жетілдіре түсуге септігін тигізеді. Пандемияға байланысты халық денсаулығының нашарлағанын білесіздер. Коронавирустың салдарынан елімізде өлім-жітімнің көбейгенін де хабардарсыздар», - деді Ажар Ғиният елордада өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында.



Министрдің айтуынша, халықтың денсаулық жағдайына ай сайын сараптама жасалады.



«Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша адам өлімі азайды. Өткен жылға қарағанда өлім-жітім 5 пайызға төмендеген. Бүгінде эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Еліміз пандемиядан кейін аяқтан қайта тұрып келеді. Осы орайда халық денсаулығы көрсеткіші де жақсарып келеді», - дейді ол.



Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында елімізде енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қызметіне арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр.


Аталған шараға сала мамандары мен жауапты тұлғалар қатысып, МӘМС-ке қатысты түйткілді мәселелерді ортаға салуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #денсаулық #адам #өмір #статистка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09

Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы

Бүгін 16:05

«Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы

Бүгін 15:53

Суперкомпьютер орталығы

Бүгін 15:49

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робототехника орталығы ашылды.

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);