AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Дәрігерлер пациенттің құртқа толы бауырына ота ж...

Дәрігерлер пациенттің құртқа толы бауырына ота жасады

Медицина 20.10.2023, 06:25 2,195
Дәрігерлер  пациенттің  құртқа толы бауырына ота жасады
almaty-akshamy.kz

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жас жігіттің бауырына біткен паразитарлы кистаға ота жасап, пациенттің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.


Хабарламаға сүйенсек, 27 жастағы жігіт Қалқаман ауруханасына Жетісу облысынан келген. Тексеру барысында дәрігерлер бауырдың сол жақ бөлігінде үлкен өскін пайда болғанына көз жеткізген. Салмағы 2 келіден асатын кистаның диаметрі 15 сантиметрді құрайды. 


Анасының айтуынша, бауырға біткен өскінді жергілікті мамандар осы жылдың тамыз айында анықтапты.  



«Біз ауылда тұрамыз. Дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тегін ота жасатып, алып тастауға болатынын айтты. Бірақ кейбір клиникалар мұндай операцияны жасаудан бас тартты. Себебі бұл күрделі операция, оның үстіне балам мүгедек. Таныстардан  Алматыдағы 7-аурухана жасайды дегенді естіп, осында келдік», - дейді науқастың анасы. 



Аурухананың №1 Хирургия бөлімшесі меңгерушісі Нұрлан Мәуленов ауру ұсақ таспа құрттардан пайда болатынын айтады. Біртіндеп ішкі ағзалар зақымданып, эхинококк кистасы пайда болады. Ол кез-келген уақытта жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл адам өмірі үшін аса қауіпті диагноздар қатарына жатады.




«Бауырға эхинококэктомия деп аталатын ота жасалды. Операция барысында құрт жиналған өскін алып тасталып, пациенттің іш құрылысы зарарсыздандырылды. Ота шамамен 4,5 сағатқа созылды. Әдетте мұндай операцияларды жасағанда кистаны ашуға тура келетін. Бұл жолы бауырдың сол жақ бөлігіндегі өскінді ашпай, төңірегіндегі органдар мен тіндерден ажыратып алдық», - дейді дәрігер. 



Хирургиялық ота сәтті өтті. Қазір науқастың жағдайы жақсы, ауруханадан шықты. Алдағы уақытта ол амбулаториялық бақылауда болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #Операция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кәсіпкерлік нысандардың қауіпсіздігі бойынша оқыту семинары өтті

Бүгін 10:32

Қостанай облысында балық аулауға шыққандар мұз астына түсіп кетті

Бүгін 10:30

Алматыда оқушыларға терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Бүгін 10:23

№175 гимназияда жоғары сынып оқушыларына терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өтті

Бүгін 10:18

Қазақстанда ХҚКО мен автомектептерде сыбайлас жемқорлық деректері әшкереленді

Бүгін 10:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика