Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Дәрігердің қателігінен зардап шеккен пациенттерге...

Дәрігердің қателігінен зардап шеккен пациенттерге өтемақы төленеді

Медицина 21.12.2022, 10:15 1,323
Дәрігердің қателігінен зардап шеккен пациенттерге өтемақы төленеді
Сурет: Advgazeta.ru

Өтемақыны сақтандыру компаниясы төлейді.


Төлемнен бас тартқан және қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Парламент мәжілісі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды және кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жазаларды ізгілендіруді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, заң жобасында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізу тетігі мен жолдары қаралған. Министрлік заң жобасын әзірлеу барысында әлем елдерінің тәжірибесін зерделеген.


Халықаралық тәжірибеде медицина қызметкерлерін қорғау үшін қорлар мен қауымдастықтар құру арқылы, сондай-ақ жеке нарықтар арқылы кәсіптік жауапкершілікті міндетті сақтандыру жүйесі қолданылады. Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру міндеті медицина қызметкерлеріне немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жүктелген.



«Пациент қызметтің немесе комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда шағым сараптамалық қорытынды беру үшін денсаулық сақтау министірлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде қаралады. Дәлелденген жағдайда шағым бойынша материалдар, оның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру компаниясына беріледі», - деді Ғиният.



Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан және қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы. Сақтандыру жарнасының мөлшері қауіп дәрежесіне қарай бекітілген актуарлық есептеулердің негізінде медицина қызметкерінің жауапкершілік дәрежесі ескеріле отырып айқындалады. Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылдан бастап сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыруды ұсынып отыр. Ал 2025 жылдан бастап сақтандыру сыйлықақысы медициналық ұйым мен медицина қызметкерлері арасында бөлінеді, бұл ынтымақты кәсіптік жауапкершілікке әкеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #өтемақы #пациент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика