AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Дәрігер қорытындысы 10 күнге емес, енді 14 күнге ж...

Дәрігер қорытындысы 10 күнге емес, енді 14 күнге жарайды

Медицина 20.08.2024, 10:28 1,147 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Дәрігер қорытындысы 10 күнге емес, енді 14 күнге жарайды
aqshamnews.kz

Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай, диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді. Жаңа стандартқа сәйкес, стационарға жатқызылатын науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды. Жаңа стандарттың артықшылығын Алматының №8 емханасының эпидемиолог-дәрігері Мадина ТУАШЕВА тарқатып айтып берді.

– Стационарға жатқызылатын науқастардың емі шұғыл және жоспарлы ем болып бөлінеді. Жоспарлы емдеуге жатқызу – бұл шұғыл медициналық араласуды қажет етпейтін созылмалы аурулар мен өмірге қауіпті емес жағдайлардың көрсеткіштері болған кезде науқастарды стационарға емдеуге жіберу. Стационарға алдын ала жоспарлы түрде жататын науқастар әуелі бірқатар зертханалық анализдер тапсырып, аспаптық зерттеулерден өтеді. Егер бұрын бұл талдаулар, зерттеулер және дәрігер-мамандардың қорытындылары 10 күнге жарамды болса, енді бұл мерзім 14 күнге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, кейбір зерттеулердің нәтижелері 1 айдан 6 айға дейін созылады. Яғни, бұл емхана үшін де, емделуші науқас үшін де өте тиімді. Өйткені, жоспарлы ем алуға дайындалып жүрген науқастың  қажетті анализдері, зерттеулер қорытындысы стационарға жеткенше өз күшін жойып, уақыты өтіп кетіп, сол анализдерін 10 күннен кейін қайта тапсыруға мәжбүр болады. Енгізіліп отырған өзгерістің бір тиімділігі осы. Сондықтан бұл жаңа стандарт науқас үшін де, емхана үшін де тиімді. Мәселен, емханамызда 21 күн сайын стационарға жатып ем алатын науқастарымыз уақытын үнемдейді, ал емхана қажетсіз шығындардан арылып, қаражат көзін тиімді пайдаланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#емхана #дәрігер #Мадина ТУАШЕВА
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);