AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Дариға Назарбаева балалар мен жасөспірімдерге арна...

Дариға Назарбаева балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ тілді контентті дамыту керектігін айтты

Мәдениет 28.09.2021, 10:16 1,273
Дариға Назарбаева балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ тілді контентті дамыту керектігін айтты
Сурет: Egemen.kz

Дариға Назарбаева: Қазақ тілі жас буынның тілі болып қалыптасуы үшін орта керек.


Бұл туралы ол ҚР Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев музейінде өткен «Ұлы дала аңызы» атты қазақ комикстерінің тұсаукесерінде айтты. Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева елдің шығармашыл қауымын қазақ комиксін дамыту ісіне атсалысуға шақырды, хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бүгін біз мемлекеттік тілді одан әрі дамытатын жұмысты қолға алып отырмыз. Нұрсұлтан Назарбаев қорының жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі – мемлекеттік тілді дамыту. Үлкен талдау жүргіздік. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларға, жасөспірімдерге арнап жасалған қазақ тіліндегі сапалы контент өте аз. Заманауи ертегілер, мультфильмдер жоқ десе де болады. Жас буынға арналған кітаптар, тарихи дүниелер, фильмдер де жоқ. Жалғыз "Balapan" арнасы жоқ нәрсенің орнын толтыруға тырысып жатыр. Бірақ оның да дамуына үлкен қолдау керек. Оның ішінде әлеуеті зор жеке әріптестердің инвестициясы қажет. Сондықтан біз осындай салмақты шаруаны қолға алып отырмыз», - деді Дариға Назарбаева 



Оның айтуынша, қалалы ортада өсіп жатқан, урбанизацияға ұшыраған балаларға мемлекеттік тілді үйрету оңай емес.



«Үйімізде қазақша сөйлесіп, балаларымызды қазақша балабақшаларға, қазақ сыныптары мен мектептеріне беріп жатамыз. Бірақ білім ошағы мен үйден тыс жерде орыс тілінің үлесі әлі де басым. Тілі қазақша шыққан балалар орыс тілін өте тез меңгеріп кетіп жатыр. Уақыттың шындығы осы болып тұр. Қазақ тілі жас буынның тілі болып қалыптасуы үшін орта керек. Ол орта балалардың ана тіліне деген қызығушылығын тереңнен қозғап, сүйіспеншілік қалыптастыру керек. Балалар үшін тілдік орта деген бірінші кезекте кітаптар болуы тиіс. Қазір балалар кітап оқымайды деп жиі айтылады. Мен онымен келіспеймін», - деді қор директоры.


«Бізге балаларға арналған мультипликациялар, бағдарламалар, фестивальдер, қазақ анимациясын дамытуға инвестиция керек. Біз бұл істі комикстерден бастауды жөн көрдік. Ол комикстердің бастауында ұлттық көне аңыздар мен тарихи шығармалар тұр. Енді осыларды толықтырып, жалғастыру үшін талантты адамдарды ортақ іске атсалысуға шақырамыз. Ол адамдардың бізге жаңа, заманауи, соңы жақсылықпен түйінделетін, баланың санасына әділдік пен ізгілік, мейірім мен сұлулық, шынайы махаббат әрдайым жеңетініне сендіре алатын ертегілер әкелуі керек. Бүгінгі көрме осы үлкен істің бастауы ғана», - деп қосты Дариға Назарбаева.








Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ тілді комикстер #сапалы контент #тілді дамыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Иран АҚШ-пен келіссөзге өз шарттары толық орындалғанда ғана баратынын мәлімдеді

Бүгін 12:11

Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік айыптұраққа қойылды

Бүгін 11:43

Алматыда биыл полиция мен еріктілер 670 наркосайтты бұғаттады

Бүгін 11:32

АҚШ-та бойжеткен желіге тәуелді болып қалғаны үшін Instagram, Facebook пен YouTube-тен 1,3 миллиард теңге өндіріп алмақ

Бүгін 11:09

Алматыда экстремизм мен терроризмге қарсы кездесу өтті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика