Дархан Сатыбалды “Қалқаман” жаңа метро бекетінің құрылысымен танысты

  • 15:22, 26 желтоқсан 2025
Дархан Сатыбалды “Қалқаман” жаңа метро бекетінің құрылысымен танысты сурет: Алматы қаласы әкімдігінен

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қалқаман» метро бекетінің құрылысымен, сондай-ақ қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» бекетін салынып жатқан жаңа бекетпен жалғайтын аралық аумақтағы жұмыстардың орындалуымен танысты.

Әкімге «Бауыржан Момышұлы» және «Қалқаман» бекеттері арасындағы сол жақ аралық тоннель көрсетілді. Аталған тоннель қазіргі таңда толық аяқталған. Тоннель арқылы арнайы платформада сынақ жүрісі жүзеге асырылды. Тексеру барысында Дархан Сатыбалды орындалған жұмыстардың сапасын, жол инфрақұрылымының жай-күйін және техникалық жүйелердің жұмысын көріп шықты.

Дайын аралық тоннельде құрылыс-монтаж жұмыстарының толық кешені атқарылған. Оның ішінде түйіспесіз рельс жолын, жарықтандыру жүйелерін, бейнебақылауды, өрт және күзет дабылдарын, сондай-ақ инженерлік желілер мен дренаж жүйесін монтаждау жұмыстары бар. Барлық жұмыс қауіпсіздік талаптары мен технологиялық стандарттарды сақтай отырып жүргізілген.

Сонымен қатар оң жақ аралық тоннельді қазу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда жоспарланған 1 590 метрдің 1 390 метрі қазылды. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде. Дайын бөлігінде рельстер төселіп, инженерлік желілерді монтаждау жалғасып жатыр.

«Қалқаман» бекетінде монолитті құрылымдарды тұрғызу жұмыстары аяқталу сатысында. Вестибюльде, платформада және техникалық үй-жайларда әрлеу жұмыстары жүргізілуде, инженерлік жүйелер орнатылып, сәндік элементтерді монтаждау, сондай-ақ жеделсаты жабдықтары мен эскалаторларды орнатуға дайындық қолға алынған. Нысанда 470-тен астам маман жұмыс істеуде.

Дархан Сатыбалды метроны дамыту қаланың көлік саясатының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Өйткені жерасты көлігі желісін кеңейту көлік жүктемесін азайтуға және қала тұрғындарының қозғалыс мүмкіндігін арттыруға тікелей әсер етеді.

Аталған аумақтағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарланып отыр. Одан кейін нысан іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу үшін тапсырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:58

16:48

16:24

15:58

15:22

14:46

14:18

14:02

12:41

12:38

12:15

11:52

11:21

11:09

10:49

10:21

10:02

09:52

09:27

09:13

09:02

17:57

17:25

17:09

16:38