конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті...

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Жаңа Конституция Бүгін 00:13 38 Сұлу
Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»
gov.kz

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай бұл күннің ел тарихындағы маңызына тоқталды.

Aqshamnews.kz редакциясы қала әкімінің толық сөзін назарларыңызға ұсынады.

Бүгін, 1 шілде – еліміз үшін ерекше тарихи күн. Қазақстан Республикасының жаңа Халық Конституциясы ресми түрде өз күшіне енді. Әр дәуірдің тасқа басылған тарихи бағдары, төлқұжаты болады. Бүгіннен бастап ел игілігіне айналатын, мыңдаған жылғы терең тарихымызбен ұштасқан жаңа Ата Заңымыз да елдің тілегі мен арман-мақсатынан туған бағдарламалық құжат. Ол – Қазақстан дамуының жаңа дәуірінің берік іргетасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Парламенттің қос Палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде бұл тарихи сәттің маңызына айрықша тоқталып: «Ертең мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғырту жұмысы ресми түрде бастау алады. Мұны кезекті әкімшілік реформа деп түсінуге болмайды. Себебі, бұл – еліміз үшін мүлде жаңа тарихи кезең басталады, яғни мақсаты да, мағынасы да мүлде бөлек, бұрын-соңды болмаған өзгерістер іске асады деген сөз», – деп атап көрсетті.

Алматылықтардың да басты мақсаты – халықтық Конституцияны негізге ала отырып, «Заң мен Тәртіпке» берік, «Таза Қазақстанды» бағдар ететін жаңа құндылықтар мен ұстанымдарға негізделген Әділетті Қазақстан идеясына сай, қуатты орта қалыптастыру.

Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарын біріктірген Халық Конституциясы біздің тың серпінмен дамуымыз үшін жаңа міндеттер жүктейді. Өркениет биігіне қадам басқан біз, алматылықтар Ата Заңда көрсетілген негізгі қағидаттарды басшылыққа алып, бірегей жаңа қалалық мәдениет  қалыптастыруға жұмыламыз. Өйткені, ұлттық мәдениеттің қара шаңырағы саналатын шаһарымыздың әлеуеті зор.

Әр алматылық өзінің сүйікті қаласының Заң мен Тәртіп сақталған, таза әрі қауіпсіз, заманауи мегаполис ретінде дамуын қолдайды. Біз барша қоғам өкілдерімен, белсенді азаматтармен, сонымен қатар, қаламыздың жанашырларымен бірге осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз.

Жаңа Конституцияда білім, ғылым, инновация, мәдениет және табиғатты қорғау мемлекеттік дамудың басым бағыттары ретінде көрініс тапқан. Алматы қаласы білім-ғылым саласында көшбасшылық орнын сақтап, білім беру жүйесін ұдайы жетілдіріп келеді. Оның ішінде «Келешек мектептері» жобасына баса мән бере отырып, білім саласында жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді кеңінен қолданудамыз. Мұндай тың бастамалар саланы заманға сай дамытуға зор серпін беріп отыр.

Ел Президенті атап айтқандай, жаңа Конституция аясында «Мемлекет пен азаматтардың ықпалдастығы қайта жаңғыруы қажет». Осы арқылы тиімді мемлекеттік басқару мен азаматтық қоғамның үндестігін жолға қоя аламыз. Халық Конституциясы билік тармақтарының қызметін реттеп, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына да айрықша кепілдік береді. Сондықтан да Ата Заңымыздың күллі елдің біртұтас мақсатқа жұмылып, жүйелі дамуына мүмкіндік беретін ортақ келісім ретінде қабылдануы заңды.

Халық Конституциясы Әділетті Қазақстанның басты төлқұжаты ретінде жаңа ұлттық сапаға ұмтылған халқымыздың ерік-жігерінің, асқақ арман-мұратының жарқын көрінісі. Бұл – біздің болашаққа деген үмітіміз бен сеніміміз, әрі әлемдік өркениет биігіне талпынған елдің берік те бекем тұғыры. Басты құжат мемлекетіміздің асыл мұраты – Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарының мызғымас іргетасы іспетті. «Заң мен Тәртіп» қағидатын бағдар еткен бұл құжат заң үстемдігіне, әділ ережелерге және барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер жасауға негізделген.

Себебі қазіргі өркениетті әлемде мемлекеттердің табысы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтінін жақсы білеміз. Осы орайда бізге саналы да сапалы мәдениеттің жаңа белесіне көтерілудің міндеті айқын көрініп тұр. Бұл – қоғам мен мемлекеттің ортақ мақсаты және Әділетті Қазақстанды құрудың бек кепілі.

Алматы қаласы елдің ең ірі әлеуеті мол мегаполисі ретінде аталған бағытта кешенді жұмыстар жүргізуге толық дайын. Ресми статистика бойынша халық саны 2 млн. 400 мыңға жуық, урбанизация қарқыны жоғары, экономикалық қуаты қомақты шаһарымыз бұл жолды еңсеруге толығымен қауқарлы.

Зерттеулерге сүйенсек, әлемдегі 600-ге жуық ірі қала жаһандық экономиканың 60%-ын құрайды. Аталған айтулы шаһарларда жер шары халқының шамамен 20%-ы тұрады екен. Біздің әсем Алматымыз сол қалалардың қатарына кіреді.

Сондай-ақ, алдағы 5 жылда Алматының жалпы өңірлік өнім көлемін екі есеге арттырып, 70 трлн. теңгеге жеткізу стратегиялық міндеті бар. Міне, осы тұрғыдан алғанда Халық Конституциясы жаңа мүмкіндіктер береді. Мемлекеттік дамудың негізгі басым салаларын қарқынды ілгерілетуге құқықтық база қалыптастырады. Мәселен, білім, ғылым мен инновацияны, туризмді және IT-секторды дамытуға, жоғары технологиялық өндірістерді тартуға, жаңа полиорталықтар құруға, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын жетілдіруге кең жол ашады.

Бүгін қаламызда еліміздегі барлық IT-компаниялардың шамамен үштен бірі шоғырланған. Сондай-ақ, IT-қызметтер көлемінің жартысынан астамы осында қалыптасады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты күшейту, тиісті инфрақұрылымдарды дамыту заман талабы.

Ата Заң меншік құқығының қорғалуы, кәсіпкерлік еркіндік, мемлекеттік институттардың жауапкершілігі мен әділ сотқа қолжетімділікке толық кепілдік береді. Мұндай құнды қағидалар орта және шағын кәсіпкерлік гүлденіп тұрған  мегаполистің заманауи келбетін одан әрі қалыптастыратын маңызды тетіктер. Құқықтық тұрақтылықтың күшеюі Алматының  инвесторларға деген тартымдылығын одан әрі арттыра түседі. Ол өз кезегінде жаңа өндірістердің, жоғары технологиялық кәсіпорындардың және халықаралық жобалардың жүзеге асуына қолайлы жағдай туғызады. Бұл қаламыздың инновациялық экономика орталығы ретінде дамуын жеделдетеді.

Постиндустриялық дәуірде бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы ретінде адами капиталдың сапасы алдыңғы орынға шығатыны сөзсіз. Конституцияда білім, ғылым, инновация дамудың басты бағыттары ретінде айқындалуы қаламыздың әлеуетін аша түседі. Атап айтқанда, бұл қағидаттар Алматының ғылыми, білім беру және инновациялық орталығы ретіндегі рөлін одан әрі күшейтуге негіз болады. Қалада шоғырланған жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтары, технопарктер мен креативті индустриялардың дамуы жаңа құқықтық қағидаттармен толық үйлесім табады. Жаңа мүмкіндік IT-секторды, цифрлық экономиканы және ғылымға негізделген кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Өйткені Қазақстанның инновациялық және технологиялық дамуында Алматы сөзсіз көшбасшы болып табылады. Мәселен, республикадағы жоғары оқу орындары студенттерінің 33%-ы бізде білім алуда. Жергілікті креативті инфрақұрылымдарға ондаған мың кәсіпорын белсенді түрде тартылғанын айта кету керек.

Бұдан бөлек, Конституцияда табиғатты қорғау, тарихи-мәдени мұраны сақтау және жергілікті басқарудың тиімділігін арттыруға ерекше мән берілген. Бұл өз кезегінде барлық сала бойынша дамудың даңғыл жолына түскен Алматының тұрақты әрі жайлы мегаполис ретінде өрлеуіне тың серпін береді.

Жоғарыдағы факторлар болса, қаланың полиорталықтық даму моделін іске асыруға, туризмді өркендетуге, экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға берік құқықтық негіз қалайды. Сондықтан жаңа Конституция Алматының Заң мен Тәртіп үстемдік құрған, инвестиция мен инновация қатар дамитын заманауи халықаралық мегаполис ретінде өркендеуінің маңызды кепілі болмақ.

Алматы қаласы еліміздің саяси-құқықтық жаңғыруының жаңа кезеңінде Конституциямыздың терең орнығып, ондағы басты қағидалардың жүзеге асырылуына үлкен қажыр-қайратпен кіріседі.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы да әрдайым біздің басты назарымызда болады. 2030 жылға дейін 2,5 миллион ағаш егуді жоспарлаған «Жасыл аллея» Жол картасы жүзеге асырылуда. Қала тұрғындарынан қызу қолдау тапқан жоба туризм мен қызмет көрсету салаларында шағын және орта бизнестің дамуына тікелей әсер етіп жатыр.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның жаңа Конституциясы – әлемдік өркениеттің биігіне бет алған ұлтымыздың берік әрі мызғымас тұғыры», – деп айрықша атап өтті. Сондықтан да еліміз геосаяси қауіп-қатерді ескере отырып, өзінің ұзақмерзімді дамуының тарихи тұғырын бекемдеді. Әлемнің басты ойыншыларымен бейбіт саясат ұстанып, заман талабына сай дамудың  жаңа кезеңіне өтті.

2030 жылға дейінгі Даму жоспары айқындалып, іргелі жобаларды қолға алған алматылықтар да халықтық Конституцияны басты бағдар етіп, заман талабына сай дамудың жаңа дәуіріне нық қадам басты.

Кемел келешекке бет алған Қазақстанның ұлы көші көрікті, болашағы баянды боларына сеніміміз мол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Бүгін 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Бүгін 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Бүгін 17:27

Асылым Жақия әлем чемпионы атанды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);