конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды ЕҚДБ президентімен Алматының инфр...

Дархан Сатыбалды ЕҚДБ президентімен Алматының инфрақұрылымын дамыту мен жаңа жобаларды талқылады

Алматы Кеше 18:04 39 yakiya
Дархан Сатыбалды ЕҚДБ президентімен Алматының инфрақұрылымын дамыту мен жаңа жобаларды талқылады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру және қала инфрақұрылымы, көлік, энергетика, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

ЕҚДБ басшысының Қазақстанға сапары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы аясында өтіп жатыр.

Дархан Сатыбалды ЕҚДБ-ның Қазақстанмен ынтымақтастығы басталғалы бері елдің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Алматы – еліміздің ең ірі экономикалық орталығы әрі Қазақстан дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Бүгінде қала республика экономикасының шамамен төрттен бір бөлігін қалыптастырып, жетекші іскерлік әрі инвестициялық орталық мәртебесін сақтап отыр. Біз үшін халықаралық серіктестермен қаржыландыру бағытында ғана емес, сонымен бірге олардың заманауи қалалық шешімдерді енгізудегі тәжірибесін пайдалану тұрғысынан да ынтымақтастықты дамыту маңызды», – деді Алматы әкімі.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – ЕҚДБ, Қазақстанның даму банкі және Азия даму банкі қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Алматыдағы 2-ЖЭО-ын жаңғырту жобасы болды.

Сонымен қатар тараптар Алматы халықаралық әуежайын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды, оның ішінде жаңа жолаушылар терминалын салу, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) жобасын талқылады.

Кездесуде тұрақты даму мәселесіне де ерекше мән берілді. Алматы ЕҚДБ-ның Green Cities бастамасына қосылған Орталық Азиядағы алғашқы шаһар. Тараптар қала инфрақұрылымын жаңғырту, рельсті көлік жүйесін дамыту және жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін «жасыл» қаржыландыру тетіктерін пайдалану бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жайын қарастырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 шілдеде ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:04

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті

Кеше 16:51

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

Кеше 16:47

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Кеше 16:44

Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

Кеше 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);