AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Дархан Сатыбалды: Білім беру нысандарының дайындығ...

Дархан Сатыбалды: Білім беру нысандарының дайындығы жеке бақылауымда

Білім және ғылым 26.08.2026, 14:35 234
Дархан Сатыбалды: Білім беру нысандарының дайындығы жеке бақылауымда
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қалада 1 қыркүйекке дейін 8 жаңа білім беру нысанын және күрделі жөндеуден өткен тағы 11 нысанды іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласындағы білім беру нысандарының дайындығы пысықталуда. Қала әкімі Дархан Сатыбалды оқу орындарының жағдайын жеке бақылауына алып, аудандардағы бірқатар нысанды аралап, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Алмалы және Бостандық аудандарындағы мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексерді.

Алмалы ауданындағы 576 орынға арналған №124 мектеп күрделі жөндеуден кейін жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауға дайын. Жөндеу жұмыстары бір жыл бұрын басталып, қазіргі уақытта толық аяқталған. Мектептің барлық қажетті инфрақұрылымы оқу процесін бастауға әзір.

Бостандық ауданында 550 орындық №60 мектептің дайындығы қаралды. Мұнда қолданыстағы ғимаратқа жөндеу жүргізіліп, қосымша корпус салынған. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде білім беру нысанының жалпы аумағы 14 мың шаршы метрге дейін ұлғайды.

Сондай-ақ Орбита-4 шағынауданындағы №89 бөбекжай-балабақшадағы жөндеу жұмыстары аяқталды. 300 балаға арналған мектепке дейінгі ұйым 12 топқа есептелген. Қазір нысандарды қажетті жиһаздармен және құрал-жабдықтармен толықтыру жұмыстары аяқталуға жақын.

«Жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру нысандарының дайындығын жеке бақылауда ұстап, жағдайын тексеруді жалғастырып келемін. Үш нысан да дайын. Қазіргі уақытта оларды қажетті жабдықтармен толықтыру жұмыстары аяқталуға жақын», – деді Дархан Сатыбалды.

Жалпы, Алматыда білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Қалада 1 қыркүйекке дейін 8 жаңа білім беру нысанын және күрделі жөндеуден өткен тағы 11 нысанды іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар белгіленген кестеден кешігіп жатқан бірнеше нысан бар. Қала басшысы олардың әрқайсысы жіті бақылауда екенін атап өтіп, барлық жұмыстарды жақын арада толық аяқтауды тапсырды.

Жаңа оқу жылына дайындық аясындағы негізгі міндет – балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз етіп, барлық нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Бүгін 20:02

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақаттан кейін ер адамды толық қалпына келтірді

Бүгін 18:45

«Кітап оқитын университет»: Студенттер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуда

Бүгін 18:39

Кайрат Сатыбалдының Алматыдағы Hilton отелі миллиардтарға сатылымға қойылды

Бүгін 18:00

Алматыдағы ескі базар үлкен сауда үйіне айналды

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);